12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні

Денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі болатын,  науқасты қабылдағаннан бастап, оны емдеу барысындағы барлық күйбең тіршіліктің бел ортасында жүретін мейірбикелер еңбегі қоғам алдында қашанда бағалана бермек.

Талай жыл тапжылмай тер төгіп, еңбектерімен  елдің ыстық ықыласына бөленген перинаталдық   орталықтың   бас мейірбикесі Бегимова Құралай Жалелқызын  мен көмекшісі Ақшагүл Сардарбековнаның және  барлық бөлімнң   ардақты аға мейірбикелері  мен аға акушерлерінің   ұлағатты істері мен өнегелі еңбек жолдары  кейінгі толқын өкілдеріне үлгі болары сөзсіз.

Бүгін 12 мамыр халықаралық мейірбике күні қарсаңында орталығымыздың   мейірбикелері  Қызылорда медициналық жоғары колледжінде  «Мейіргер ісі» мамандығын  бойынша   «Қолданбалы бакалавр» біліктілігімен   диплом   иегерлері    атанып,   жағымды жаңалығымен ерекше қуантты. Олар Бегимова Құралай, Сардарбекова Ақшагүл, Сансызбаева Бегзада, Салимова Гүлбану, Мектепова Багила, Арынова Гаухар, Адильбекова Актолкын, Жылқаева Інжу.

Иә, өмірге сән беріп, тіршіліккке нәр беріп, қалтқысыз қызметін ұсынып, мейірімділік пен жылықтың символына айналып, игілікті мамандық иесі атанған мейірбике ісі – қашанда сый-құрметке лайық.   Өйткені, тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда мейірбике  жұмысына тікелей  байланысты.

Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер! Ұлт денсаулығын нығайту жолында мемлекеттік саясатты жүзеге асырып, халықтың қошеметіне бөленіп, бірлесіп еңбек ете берулеріңізге тілектеспіз!