13 ШІЛДЕ – ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

13 шілде – Қазақстанда коронавирус эпидемиясынан қайтыс болғандарды ұлттық аза тұту күні.

Осыған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап облыстық перинаталдық орталығының Туы төмен түсірілді. Сонымен қатар сағат 11.00-де ұжым қызметкерлері ара қашықтықты сақтай отырып коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Облыстық перинаталдық орталығының ұжымы ең жақындарынан айырылып, қара жамылып отырған барлық жанұялардың қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз!

Өмірден өткен марқұмдардың АЛЛА алдынан жарылқасын, жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болып, имандары жолдас болсын!