15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

Бүгін 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі басшысы  Дүйсенбаева Бегзада Әшімқызы және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  директоры Жарекешова Мария  Темірбекқызының  басшылығымен, облыстық перинаталдық орталығында нәрестелерді дүниеге алып келген аналарымызға    салтанатты түрде сый – сияпат табыс етілді. Сонымен қатар келушілердің барлығына салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау бойынша ақпараттық – әдістемелік материалдар таратылды.