15 мамыр – халықаралық отбасы күні.

Атаулы күн  1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған.
«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің болашақ қадамы. Отбасы – ол да бір шағын мемлекет.

Осы шағын ғана мемлекетте ата-ананың орны қалай ерекше болса, сәбидің де алар орны маңызды. Бала үшін әкесі мен анасының мейірімінен асқан ештеңе жоқ.

Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді.

Әлемде отбасының негізгі міндеті балаларды өсіру, оларға лайықты білім беру және адамзаттың қилы қатынастар әлемінде өз орнын табуға көмектесу, сол үшін отбасы берік және сенімді тірек болуы тиіс деген ұғым қалыптасқан. Осы атаулы күні Сіздердің жанұяларыңызға  аманшылық, бірлік берсін! Әр бала бақытты отбасында өмір сүрсін! Әр шаңырақта оншақты ұл, моншақты қыздар болсын. Отбасының қорғаны Әке мен Ана шөбере мен шөпшек көрсін. Отбасымыздың ұрпақтары Қазақ Елін жерін қорғайтын Қаһарман Азамат, Азаматша болсын. Отбасымыздың отаны Қазақстан Мәңгілік Қазақ Елі болсын!!! Барлық отбасы бақытты, бай – дәулетті болсын!!!

 Ізгі ниетпен, Облыстық перинаталдық орталығының ұжымы.