Қайырымдылық қасиетті іс !

Қайырымдылық қасиетті іс !

Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Еріктілер – жаны таза адамдар.  Еріктілердің қызметі – жеке тұлғаларға, кәсіпорын – компанияларға, әлеуметтік топтарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық позицияны қалыптастыру, өзін-өзі ұйымдастыру, әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек көрсету және қоғамда қайырымдылық жасау.

Ал осындай, ауыртпалық басып тұрған мылтықсыз соғыс жағдайындай қиын кезеңде сондай игі істі Динара Эшатова ханым  133 дана үлкендер памперсін және Еларай қоғамдық қорының директоры Асхат Байдәулетов мырза ингавирин 90 дәрісінен 8 қорабын қызметкерлерге індеттің алдын алуға ішуіне қолдау көрсетіп, қайырымдылық шарасын жасады. Ана мен бала қызметкерлерінің денсаулығына өз үлесін қосқан нағыз адамгершіліктің үлгісін көрсеткен жерлестерімізге ұжымымыздың атынан үлкен алғысымызды білдіреміз!