Ана сүті – бала денсаулығының басты кепілі!

Қыркүйектің үші күні өңірімізге жұмыс сапарымен келген медицина ғылымдарының кандидаты, «Сәбиге тек жақсылық тілейтін мекеме» бағдарламасының халықаралық сарапшысы (ДДҰ/ЮНИСЕФ), «Ана сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және көтермелеу» бағдарламасының Ұлттық үйлестірушісі (ДДҰ/ЮНИСЕФ), «BalaJan» қоғамдық қорының президенті Құрманғалиева Эльнар Амангелдіқызы облыстық принаталдық орталығының тек қана ана сүтімен қоректену бойынша жүргізген жұмысын бағалап, кеңестер берді.

Орталықта «Балаға мейірімді қарым-қатынас ауруханасы» бағдарламасы негізінде 7-11 қыркүйек аралығында онлайн режимде семинар өткізілді.

Ана сүті баланың үйлесімді дамуы үшін оңтайлы тамақтану болып саналады, оның құрамында балаға қажетті барлық заттар бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нәресте дүниеге келгеннен кейін бірден емізуді бастауға ғана емес, сонымен қатар алғашқы алты айда нәрестелерді тек емшек сүтімен қамтамасыз етуге кеңес береді.

#анасүті

#грудноевскармливание