«Ана сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және көтермелеу» тақырыбында мастер-класс өткізілуде.

Бүгін Облыстық перинаталдық орталығында КҚ «BalaJan» медициналық қызметкерлер одағының президенті Эльнара Амангельдиевна Құрманғалиевнаның жетекшілігімен және «BALAJAN» ҚҚ білім беру бағдарламаларының директоры, ДДҰ/ЮНИСЕФ емшекпен емізу  бойынша сарапшысы Зауре Кулахметовна Кудайбергенова қатысуымен  «ДДҰ/ЮНИСЕФ ұсынған «Ана сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және көтермелеу» тақырыбында облыстық перинаталдық орталығы базасында 23-27 қараша  аралығында  өтетін  семинар  басталды.

Семинарға 5 медицина ұйымдарының өкілдері қатысуда: облыстық перинаталдық орталық, көпбейінді облыстық балалар ауруханасы, №3 қалалық емхана, Қазалы және Арал ауданаралық  ауруханалары.