Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік.

16-желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күні көгімізде тәуелсізідік туы желбіреді. Содан бері 29 жылға таяу уақыт өтті.  Білім мен денсаулық жағдайына аса мән берілді. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлкетке айналдық.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары  Наурызбай Байқадамовтың қатысуымен 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне орай облыстық медициналық орталығында салтанатты шара өтті. Орталығымыздың  бас дәрігерінің орынбасары  Г.Х. Жумашева  аймақтық әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне қосқан ерекше үлесі үшін «Алғысымен», жүктілер патологиясының бөлім меңгерушісі К.Н.Қосмуратова  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің  «Денсаулық  сақтау саласына қосқан үлесі үшін»  төсбелгісімен,  кеңес-беру диагностикалық  бөлімінің дәрігері А.М. Пиржанова  ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Алғыс Хат» – мен марапатталды.

Марапаттарыңыз құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!!!