Қабылдау бөлімі

Перзентхананың жұмысы қабылдау бөлімінен басталады. Бұл жерге толғақпен немесе жүктіліктің асқынуы бар әйелдер келеді. Перзентханаға түсетін болашақ ананы бірінші кезекте кезекші дәрігер немесе акушер қарсы алады.

Облыстық перинаталды орталықтың қабылдау бөлімшесі тәулік бойы жүкті,босанушы және босанған әйелдерге жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді.

Қабылдау бөлім шұғыл және жоспарлы түрде қабылдау жүргізеді.

Қабылдау бөлімінің меңгерушісі Махантаева Куляш Буркитбайқызы жоғары санатты дәрігер акушер – гинеколог, ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі.

Аға акушері Жусипназарова Базаркул Смайылқызы жоғары санатты акушер.

шаруашылық иесі Есенова Зиягуль Сансызбайқызы.

Барлық қызметкерлер саны – 22

Қабылдау бөлімінің бөлмелері стандарттарға сәйкестендірілген.

Реконструкциядан өткен, екі жақты есіктер, табалдырығы алынған, пациент жатқан каталка кедергісіз өтеді, “Алтын уақыт ” принципінің орындалуына жасалған шарттар.

  • Пациент қабылдау бөлімшесіне келіп түскен кезде 3Н – жүйесі (триаж – жүйесі) бойынша пациентке медициналық іріктеу жүргізеді, оның нәтижесі бойынша пациент дәрігердің қарауы үшін қабылдау бөлімшесінің тиісті аймағына жіберіледі. Екі немесе одан да көп пациент келіп түскен жағдайда медициналық іріктеуді екі немесе одан да көп қызметкер бір уақытта жүргізе алады.
  • Медициналық іріктеуге сәйкес шартты түрде пациенттердің 3 тобын ажыратады:
  • бірінші топ (жасыл аймақ) – бұл топқа жоспарлы емдеуге жатқызылған пациенттер жатады;
  • екінші топ (сары аймақ) – бұл қабылдау бөлімшесі төсек-орнында бірнеше сағатқа байқауға қалдырылған пациенттер), сондай-ақ диагнозын анықтау мен нақтылауға қалдырылған пациенттер;
  • үшінші топ (қызыл аймақ) – қабылдау бөлімшесінде шұғыл немесе қарқынды медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер.

Облыстық перинаталды орталығы қабылдау бөлімінде пациентке «КМИС» бағдарламасы бойынша электронды босану тарихы ашылады.

Қабылдау бөлмесінде дәрігер, акушермен бірге босанушы әйелден анамнез жинайды, әйелдің жалпы жағдайын бағалайды, обьективті қарайды.

Орталық бойынша бекітілген Морзе шкаласы бойынша құлау қаупін бағалайды, шкала гримас Вонг-Бейкер парағы бойынша пациенттің ауруын уақытын, характерін бағалап, көрсетеді.

– Пациентті жоспарлы түрде қабылдау өз деңгейінде өткізіледі.

– Ал жедел түрде қабылдауда – шұғыл жағдайларда командалық әдіспен кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету арқылы, сонымен қатар пациенттерді тасымалдауда жедел жәрдем стансасымен тікелей байланыста жұмыс жасайды.

Қабылдау бөлімінде шұғыл жағдайда жүкті , босанушы әйелдер және нәрестелер арасында аурушаңдықпен , өлім көрсеткішін төмендету мақсатында , дәрі-дәрмектермен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықталған жедел ота бөлмесі жұмыс атқарады.

Диагностикалық палата

Қабылдау бөлімінде 4- төсектік диагностикалық палата жабдықталған,

бұл жерде бақылауда болған пациенттердің 30% ғана стационарға қабылданады, қалған 70 % пациенттерге стационарға жату қажетсізділігі анықталады.

Медициналық ақпараттандырылған «SOS» бағдарламасы

Бұл бағдарлама шұғыл жағдайларда тез арада көмек көрсетуге келу үшін және медициналақ көмек сапасын арттыру және уақытылы көмек көрсету мақсатында қажетті мамандарды қабылдау бөліміне дер кезінде шақыруға арналған. “SOS”сигналдық батырмасы арқылы дәрігер анестезиолог- реаниматолог, акушер-гинеколог,

лаборант, терапевт, неонатолог шақырылады.

Пациенттерді сәйкестендіру- қауіпсіз ана болудың бір сатысы.

Құлау қаупі жоғары және қан кетумен түскен пациенттерге қызыл білезік, гипертензия,эклампсиямен түскен пациенттерге сары білезік ,босануға жатқызылатын пациенттерге жасыл білезік, жүктілер патологиясына емделуге жататын пациенттерге ақ білезік тағылады ;

Облыстық перинаталды орталығы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының «Тиімді перинаталдық күтіміне сәйкес қауіпсіз ана болу » бағдарламасы бойынша қызмет көрсетеді. Ол бағдарламаның ерекшелігі босанушы әйелге босануға және босанудан кейінгі кезеңде әйелдің қалауы бойынша туған-туыстарын алдырып, қабылдау бөлімінен серіктесімен бірге қабылданады.Серіктес жүкті әйелдің қалауымен айқындалады, сонымен қатар тері-инфекциялық аурулары жоқ болуы керек.

Анықтама бөлмесінің жұмысы

  • Анықтама мейірбикесі бөлімшелер сұранысы бойынша сырттан кеңесші дәрігерлерді шақырады.
  • Емханаларға актив береді .
  • Анықтама мейірбикесі сырттан келушілерге науқастар жөнінде ақпарат береді .
  • Орталықтың санитарлық машинасы тәулік бойына кеңесші мамандарды дер кезінде жеткізеді.

Біздің миссиямыз : Ана мен бала денсаулығын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, білікті медициналық көмекпен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында дәрілік заттармен қамтамасыз ету.

Қабылдау бөлімінің аға акушері Базаркүл Смайловна Жусипназарова

Қабылдау бөлімінің меңгерушісі Махантаева Куляш Буркитбайқызы жоғары санатты дәрігер акушер

Қабылдау бөлімінің ұжымы

Жұмыс барысы

Қабылдау бөлімінің ұжымы

Жұмыс барысы

Жұмыс барысы