Анестезиология-реаниматология және қарқынды ем бөлімі

Бөлім меңгерушісі Асқар Айдарович Ауезбеков – бірінші санатты дәрігер анестезиолог-реаниматолог. Еңбек өтілі 23 жыл. Ақтөбе медициналық институтын бітіріп, 1996 жылы қалалық перзентхананың анестезиология-реаниматология және қарқынды ем бөліміне дәрігер ординатор қызметінде бастады.
1998 жылдан бастап алғашқы болып Асқар Айдарович Ауезбековтың бастамасымен акушерлік оталарда жұлындық анестезия қолданысқа енгізілді. Осы әдістің арқасында отадағы жалпы анестезиядан кейін болатын асқынулар күрт азаюы байқалды. Аналар мен нәрестелердің денсаулығында жақсы өзгерістер орын алды.
Ерен еңбегі бағаланып, ана мен бала денсаулығына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының медицина саласының үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, денсаулық сақтау министрлігінен грамотамен марапатталды. Сонымен қоса ұжыммен атқарылған жұмыстың нәтижесі бойынша перинаталдық орталықтың ең үздік дәрігерлерінің бірі болып Асқар Айдарочич Ауезбеков «2014 жылдың қызметкері» сертификатымен марапатталды.

Айгуль Смагуловна Есимова – анестезиология-реаниматология және қарқынды ем бөлімінің аға мейірбикесі, жоғары санатты, еңбек өтілі 16 жыл.

Анестезиология – реаниматология және қарқынды ем бөлімі 12 төсекке есептелген және заманауи аппараттармен жабдықталған.
Анестезиологиялық қызмет барлық қажетті жабдықтармен (мультифильтрат, дефибриллятор, кардиомонитор, электроотсос, наркозды – тыныс алу аппараты, КТГ, бронхофиброскоп, өкпені жасанды желдету аппараты, қан газының анализаторы, плазмаферезге арналған “Гемофеникс” аппараты) қамтамасыз етілген. Бөлімше жоспарлы және шұғыл хирургиялық анестезиологиялық оталар қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Дәрігерлер командасы республиканың үздік ғылыми орталықтарында, сондай-ақ шетелде білім алған барлық қажетті білім мен дағдыларды меңгерген, бірінші және екінші санатты жоғары білікті анестезиолог реаниматологтан тұрады. Мейірбикелік персонал құрамында үлкен жұмыс тәжірибесі бар, бірінші және жоғары санатты медбикелер.
Бөлім штат құрамында 40-тан астам білікті қызметкерлер бар. Бөлімшеде бірінші санатты 3, екінші санатты 2 дәрігерлер бар. Анестезиологиялық қызмет жоғары хирургиялық белсенділікке байланысты тәулік бойы және күнделікті жұмыс істейді. Стационарда ұсынылған реанимациялық бөлімшеде жылына 4000 астам анестезиологиялық көмек көрсетіледі. Барлық заманауи наркоз түрі орындалады: эндотрахеальды, көк тамырдың ішіне, ми-жұлынды, эпидуральді.
Науқастарға кез-келген тыныс алу жетіспеушілігінде респираторлық қамтамасыз ету әдісі енгізілді, гемодинамика негізгі параметріне мониторинг жүргізіледі, тіршілікті қамтамасыз ету препараттары үздіксіз енгізілуде, экстракорпоральды уытсыздандыру – гемодиализ, гемосорбция, плазмаферез. Өз тәжірибесінде өмірлік- маңызды функциялар тыныс алу, қанайналымы, шығындылар және т.б қызметін қамтамасыз ету үшін ең алдыңғы қатарлы және заманауи әдістерді қолданады. Бөлімше қызметкерлері жіті тыныс алу, жүрек-тамырлық, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, жарақаттық және геморрагиялық шок, ми мен жұлынның зақымдану салдарымен күресуді жақсы меңгерген.
Анестезиология және реанимация бөлімшесі осындай жетістіктерге қол жеткізу үшін пациенттің жағдайын үздіксіз және нақты уақыт режімінде бақылауға мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі тыныс алу және монитор аппараттарымен жабдықталған. Өткен жылы инновациялық технологиялардың 10 нан астам түрі енгізілді. Қазіргі кезде бөлімшеде ауыр халдегі пациенттерді емдеу және үш деңгейлі мониторинг бақылауы жүзеге асырылады. Бөлімше базасында апта сайын ғылыми-практикалық семинар сабақтар өткізіледі, бұл қызметкерлердің кәсіби біліктілігін көтеруге ықпал етеді.
Бұл саланың маңыздылығы сол, дәрігердің жұмыс барысында ешқашан қателесуіне болмайды. Сол себепті дәрігерлер үнемі тәжірибелік білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болып, бөлімшенің орта және кіші буын қызметкерлері ана мен сәбидің өмірін сақтау жолында аянбай жұмыс жасауда.
Осындай жауапты жұмысты атқарып, адам жанының арашасы болып жүрген дәрігерлер: Асқар Айдарұлы Ауезбеков, Талғат Жәдігерұлы Орумбаев, Динислам Фауисович Шайхутдинов, Айзат Өтегенқызы Сарыбаева, Майра Марукақызы Еспенбетова, Гүлсая Зәріпқызы Сабыр.
Әрдайым дәрігердің жанынан табылар көмекші өз ісінің мамандары: аға мейірбике – Есимова Айгүл, мейірбике – анестезисттер Бакирова Рахия, Бектемисова Әсия, Желдербаева Эльмира, Искакова Ляззат,Нұрылда Жеміскүл, Минуарова Құндызай, Нұрымбетова Жанна, Жұмабек Жанар

 

Анестезиология – реаниматологияжәне қарқынды ем бөлімінің меңгерушісі Асқар Айдарұлы Әуезбеков

 

Анестезиология – реаниматологияжәне қарқынды ем бөлімінің аға мейірбикесі Айгуль Смагуловна Есимова