Гинекология бөлімі

Гинекология – әйелдің ағзасына ғана тән ауруларды зерттейтін медицина саласы, ең алдымен-әйелдердің репродуктивті жүйесінің аурулары. Гинекология әйел жыныс саласындағы емдеу және алдын алу әдістерін әзірлейді. Сонымен қатар гинекология міндеттеріне жүктілікті жоспарлау және контрацепция әдістері кіреді.
Гинекология бөлімі – 55 төсек (құрамында 5 төсек жасөспірім) бойынша есептелінген. Бөлімде түрлі экстрагениталды аурулар, асқындалған жүктілік, босанудан кейінгі кезеңдегі пациенттер тексеріліп, емделеді. Емдік және диагностикалық мақсатта лапароскопиялық, гистероскопиялық оталар білікті дәрігерлермен жасалуда.
Бөлімде жанұяны жоспарлау жұмыстары жүргізіледі.
Бөлім меңгерушісі Гульмира Калтаевна Пирманова бірінші санатты акушер-гинеколог. Еңбек өтілі 19 жыл.
Гулбану Мирамбековна Орынбасарова  – гинекология бөлімінің аға акушері, жұмыс өтілі 11 жыл.