І акушерлік бөлім

І акушерлік бөлім

І акушерлік бөлім 70 төсекке арналған. Бөлімге босанудан және кесар тілігі отасынан кейінгі әйелдер және жаңа туылған нәрестелер жатады. Жүктілік кезеңінде, босану барысында асқынулармен өткен жағдайдағы әйелдерге әрі қарай емдік және сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Босанғаннан кейінгі бөлімшеде босанған әйелдерге білікті медициналық көмек тәулік бойы бақылаумен жүргізіледі. Бөлімшеде шұғыл емдеу – диагностикалық іс-шараларды талап ететін жағдайларда қолданылатын “SOS” жедел әрекет ету байланысы бар. Ана сүтімен емізуді қорғау, қолдау және ынталандыру саясаты және ерте үйге шығуы тәжірибеленеді.

Бөлім меңгерушісі – Бимаганбетова Ляззат Шермахановна,  жоғары санатты  акушер-гинеколог, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау үздігі. Еңбек өтілі 30 жыл.

Аға акушері – Маханова Гульмира Бекмуратовна, жоғары санатты, еңбек өтілі 28 жыл.