Клиникалық диагностикалық зертхана
Қабылдау бөлімінде 4- төсектік диагностикалық палата жабдықталған,
бұл жерде бақылауда болған пациенттердің 30% ғана стационарға қабылданады, қалған 70 % пациенттерге стационарға жату қажетсізділігі анықталады.
Зертхана орталықтың 1-ші қабатында орналасқан. Зертханалық диагностика бөлімі Австрия, Жапония, Германия, Дания, Ресей және басқа да жетекші өндірушілердің ең заманауи жабдықтарымен жабдықталған. Зертханамызда көптеген зерттеулер жүргізуге болады: қан айналым жүйесін, бауыр, бүйрек, қант диабеті, анемия тағы басқа талдаулар. Анализ аш қарынға таңғы 8:00 ден 10-ға дейін дүйсенбіден жұма аралығында қабылданады.
Зертхананың зерттеу құрылымы:
- Клиникалық сынақтар
- Биохимиялық зерттеулер
- Бактериологиялық зерттеулер
- Иммунологиялық зерттеулер
- Генетикалық зерттеулер