Мамандар бөлімі

 

«Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК-ның адами ресурстарды басқару бөлімі  туралы

 

Адами ресурстарды басқару бөлімі «Облыстық перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК-ның құрылымдық бөлімі болып табылады.

 

Кадр бөлімінің негізгі міндеттері мен қызметтері:

 

  1. Тұрғындарды жұмыспен қамту қызметіне бос орындар туралы мәлімет беріп отырады. Белгілі бір қызметтік орынға жетіспейтін мамандарды біліктіліктері бойынша мамандарды нақтыланған Ережеге сәйкес, бөлім басшыларымен қоса, жұмысшыларды конкурс арқылы сұрыптап штатты толықтыру;

  2. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату туралы бұйрықтарды рәсімдеу;

  3. Кадрлық резервті құру, сондай-ақ мамандардың сандық және сапалық құрамы жөнінде жеке құрам есебін жүргізу;

  4. Жұмысшылармен еңбек шартын жасасу;
  5. Қызметкерлердің қазіргі және өткен кезеңдегі еңбек қызметі туралы анықтамалар беру;
  6. Жұмысшылардың еңбек кітапшаларын толтыру, оларды тиісті жерде сақтау;
  7. Қызметкерлерді марапаттауға ұсыну үшін материалдар дайындайды.
  8. Жұмыскерлерді материалдық және тәртіптік жазаға тарту үшін материалдар дайындау;
  9. Еңбек демалысы кестесін құрады, жұмыскерлердің еңбек демалысын пайдалану есебін, бекітілген кестеге және қосымша демалыстарға сәйкес кезекті еңбек демалысын рәсімдеу;

  10. Іс сапарларды рәсімдеу және есепке алу;
  11. Мекеменің штаттық кестесін және ішкі құжаттарын жасауға қатысу;
  12. Мекеменің құрылымдық бөлімдерінде еңбек тәртібін және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібінің сақталуын қадағалау;

  13. ҚР заңнамасына сәйкес әскери қызметке міндетті қызметкерлерді әскери есепке алуды жүргізу;

  14. Кадрлық саясатты жетілдіру;
  15. Қазақстан Республикасы  Еңбек Кодексінің  орындалуын қадағалау.

 

Адами ресурстарды басқару бөлімі өзіне жүктелген міндеттері мен қызметтерін орындау үшін төмендегі құқықтарға ие:

 

  1. Бөлім басшыларына бөлімге қатысты міндеттердің орындалуына сілтеме беруге;

  2. Қызметкерлер мен бөлімдерге өздеріне жүктелген қызметтік нұсқаулықтарға түсініктеме беруге;

  3. Бөлімдерде істейтін қызметкерлердің мәліметтерін бөлімдерден сұрауға;

  4. Барлық қызметкерлерден кадрлық есепті жүргізу үшін қажетті құжаттарын талап етуге;

  5. Жұмысшылардан өздерінің қызметтік талаптарын орындау барысында пайда болған келеңсіздіктерді жоюды талап етуге.

 

Адами ресурстарды басқару бөлімінің құрылымы

 

р/с Аты-жөні Атқаратын қызметі Байланыс телефоны
1 Батырбекова Улман Турганбековна Бөлім басшысы 21-48-29
2 Утегалиева Ботагоз Галимгалиевна Бөлім инспекторы 21-48-29
3 Оспанова Жанар Мамбетовна Бөлім инспекторы 21-48-29
4 Маханбетов Есбол Серикбаевич Заңгер 21-48-29