Жүктілер патология бөлімі

Облыстық перинаталды орталығының жүктілер патология бөлімшесі 55 төсек-орынға арналған бөлімше.
Бөлім меңгерушісі Орынкүл Жұмабекова жоғары санатты акушер-гинеколог Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау үздігі, кәсіподақ ұйымының төрайымы. Еңбек өтілі 28 жыл.
Гульмира Бекмуратовна Маханова – аға акушер, жоғары санатты, еңбек өтілі 30 жыл.
Перинаталды көмек көрсету үшін заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Бөлімшеде қазіргі заманға сай КТГ аппараттарымен яғни ананың құрсағындағы баланың жүрек соғысын бақылауға арналған және тағы басқа аппараттармен жабдықталған. Әрбір әйел үшін медициналық бір реттік құралдар мен шұғыл жағдайда көмек көрсететін жинақтарымен жабдықталған. Пациенттің әрбір кереуетіне шұғыл жағдай үшін шақыру түймелері бекітілген.
Патология бөлімшесінде жүктіліктің 22-аптасына бастап қан аздықтың ауыр дәрежесі, кесарь тілігі бар жүкті әйелдер, айтолғақ, артериалды гипертензия, бүйрек инфекциясы, мерзімінен асқан жүктілік, 30 апта жүктілік экстрагениталды ауру, ерте қағанақ суының кетуі, көп ұрықты жүктілік секілді паталогиясы бар науқастарға медициналық қызмет көрсетіледі.
Егер қажет болса білікті психологиялық көмек беріледі. Дәрігерлермен акушерлердің тәулік бойы бақылауында болады.
Босанушы әйелмен ана сүтімен қоректендіру, босанғаннан кейінгі жеке бас гигиенасы, контрацепция (жүктіліктен сақтану), тамақтану, гимнастика бойынша әңгімелер жүргізіледі.
Перинаталдық орталықта мына диагнозы бар жүкті әйелдер каралады.
• Алдын-ала эклампсия жұмсақ дәрежесі
• Бүйрек инфекциясы
• 30 апта жүктілік экстрагениталды ауру
• Босанар алдында қағанақ суын алу
• Отадан кейінгі жатыр тыртығы
• Толық жатып ем алу.
• Бала жолдасының мерзімінен бұрын ажырауы.