«ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» медалімен марапатталды

«ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» медалімен марапатталды.

Бүгін облыстық перинаталдық орталығымыздың  бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, денсаулық сақтау саласының үздігі Жаканова Сауле Саменовна коронавирус індетімен  күресте ерекше көзге түсіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығы бойынша  «Халық алғысы»  мерекелік медалімен наградталды.

Сауле Саменовна денсаулық сақтау саласында талай жыл тапжылмай май тер төгіп, еңбегімен елдің ыстық ықыласына бөленген алтын қолды дәрігер.

Еңбегіңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, әлі де  биік белестерді бағындырып, халықтың қошеметіне бөлене  беріңіз! Марапатыңыз құтты болсын!

Құрметпен, Облыстық перинаталдық  орталығының ұжымы.