Аитв – адамдағы иммунтапшылығы вирусына тестілеуден өту не үшін қажет?

• АИТВ инфекциясы белгісіз өтеді және сіздің ағзаңыздпа оның бар екенін білмеуіңіз мүмкін;

• АИТВ – ға тест – бұл вирустың қан құрамында бар, не жоқ екендігін білудің ең сенімді тәсілі;

• Егер сіз АИТВ-ны жұқтырмаған болсаңыз, өзіңізді және жақындарыңызды АИТВ- дан қалай сақтау қажет екенін білесіз;

• Егер сіз АИТВ-ны жұқтырған болсаңыз, жақындарыңызға АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупін қалай төмендетуге және өз денсаулығыңызды қалай қолдауға болатынын біле аласыз.

АИТВ-ға тестілеуде өту АИТВ мен немесе АИТВ сыз өмірді жауапты жалғастыру үшін ненің қажет екенін білуге мүмкіндік береді.

КІМ ТЕСТ ТАПСЫРУЫ ҚАЖЕТ?

• Егер сіз мүшеқапсыз жыныстық қатынасқа түссеңіз немесе ортақ шприц, ине, есірткі мөлшерін дайындауға арналған ыдысты қолдана отырып, иньекциялық есірткі тұтынсаңыз;

• Тестті жүктілік кезінде міндетті түрде тапсыру қажет. АИТВ- ны ерте анықтау болашақ баланы вирустың жұғуынан қорғайтын шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

 

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРМАУ ҮШІН КЕЛЕСІЛЕР ҚАЖЕТ:

˅ Мүшеқапсыз жыныстық қатынасқа түспеу;

˅ Иньекциялық есірткі тұтынбау;

Есіңізде болсын: инфекция жұқтырмаған және сенімді бір жыныстық серіктеспен үнемі қарым-қатынаста болу сізді АИТВ инфекциясынан қорғайды.

АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері жөніде кеңесті ЖИТС-тың алдын алу және күрес жөніндегі орталықтарынан ала аласыз.