Қауіпті белгілер

 

Жүктілік – қалыпты физиологиялық процесс.

Көбінесе жүкті әйелдер тек медицина қызметкерлерінің тарапынан бақылауы мен кеңесіне мұқтаж.

Жүктілік кезіндегі арнайы емді ҚАЖЕТ ЕТПЕЙТІН физиологиялық өзгерістер:

• таңертеңгілік жүрек айну, құсу

• дәм сезудің өзгеруі

• терідегі дақтардың пайда болуы немесе күңгірттенуі

• сүт бездерінің ауырсынуы

Жүктілік үш триместрге бөлінеді. Бірінші триместр жүктіліктің алғашқы үш айына, екіншісі жүктіліктің 4-6 айлық кезеңіне, үшіншісі- жүктіліктің 7-9 айлық кезеңіне сәйкес келеді.

БІРІНШІ триместрде медициналық көмекті ҚАЖЕТ ететін қауіпті белгілер:

• тәулігіне 8-10 рет құсу

• жыныс жолдарынан қан аралас бөліністің бөлінуі

• іштің немесе бүйірдің қатты ауыруы, әуелі сыздап, содан соң күшеюі мүмкін.

Жүктіліктің екінші триместрінде медициналық көмекті ЖЕДЕЛ ТҮРДЕ ҚАЖЕТ ететін белгілері:

• бастың үнемі немесе кенеттен ауыруы

• көздің көруінің нашарлауы немесе көз алдында қара нүктелердің көрінуі

• анық немесе кенеттен пайда болған ісіні және оның тез үдеуі

• жыныстық жолдан қанды шығындының бөлінуі

• іштің қатты және басылмай ауыруы

• үнемі құсу

• іштегі баланың 24 сағат бойы қозғалмауы

• қынаптан көп сулы шығындының бөлінуі (қағанақ суының кетуі)

Егер ҮШІНШІ ТРИМЕСТРДЕ келесі белгілердің біреуі білінетін болса дереу медициналық КӨМЕККЕ ЖҮГІНУІҢІЗ ҚАЖЕТ:

• жыныстық жолдан қанды шығындының бөлінуі

• қынаптан көп сулы шығындының бөлінуі (қағанақ суының кетуі)

• бастың үнемі немесе кенеттен ауыруы

• көздің көруінің нашарлауы немесе көз алдында қара нүктелердің көрінуі

• дене қызуының 38° -ге дейін және одан жоғары көтерілуі

• іштің қатты ауыруы

• іштегі баланың әлсіз қозғалуы немесе мүлде қозғалмауы

• араға 5-10 минут салып толғақтықтың қайталануы

БОСАНҒАННАН КЕЙІН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАЖЕТ ететін белгілер:

• ашық қызыл түсті немесе ұйыған қан түйіршіктерінің көп бөлінуі (гигиеналық төсенішті бір сағатта бірнеше рет ауыстыруға тура келсе)

• жыныстық жолдан, іріңді жағымсыз иісі бар шығындының бөлінуі

• іштің төменгі тұсының қатты ауыруы

• дене қызуының 38° -ге дейін және одан жоғары көтерілуі

• іште немесе бұтаралығындағы отадан кейінгі тігістің ауыруы және білеуленуі

• сүт бездерінің ауыруы, қатаюы және қызаруы