Ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығы

РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ – бұл өмірдің барлық кезеңдеріндегі репродуктивті жүйелердің ауырусыз толық белсенділік жағдайы, ойлау және әлеуметтік қабілеттерінің сәттілігі болып табылады.

Репродуктивті жүйе дегеніміз – бала тууға жағдай жасайтын мүшелер. Өмірге дені сау бала әкелуі үшін адам өзінің репродуктивті денсаулығын қалай сақтау керек екендігін білуі қажет.

Баланы дүниеге алып келу жасы 20-35 жас. Егер жүктілік ерте немесе кеш болған кезде, ана мен бала денсаулығына қауіп төнеді.

ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАДЫ?

Репродуктивті денсаулықты сақтау балалық және жастық шақтан басталады. Ерлер мен әйелдерді бедеулікке әкеліп соқтыратын жағдайлар: жыныстық жолмен берілетін инфекциялар арқылы, қоршаған орта факторлары, жұмыс жағдайлары және зиянды қауіп-қатер факторлары (темекі шегу, ішімдік пайдалану,есірткі тұтыну, дененің артық салмағы және т.б.).

Бедеулік диагнозы жиі жыныстық қатынаста болатын 35 жасқа дейінгі пациенттерде 12 ай ішінде және 35 жастан жоғары пациенттерде 6 ай ішінде, егер жұбайы 40 жастан жоғары болған жағдайда, жүктіліктің болмауынан белгіленеді.

Алғашқы жүктілік кезінде, түсік жасату адамның репродуктивті жүйесіне зақым келтіруі және психологиялық тұрғыдан әсер етуі мүмкін. Ерлі-зайыптылар жүктілік алдында төмендегі көрсетілген ауруларға тексерілуден өтуі керек:

• Жүрек- қан тамырларының ауруларына, қант диабетіне, бүйрек ауруларына, тыныс алу органдарына және т.б.

• генетикалық ауруларға

• инфекциялық ауруларға (токсаплазмоз, листериоз,гепатит, герпес және т.б. ЖЖБИ,  АИТВ/ЖИТС).

Әйел 12 апталық жүктілік кезінде тұрғылықты мекен-жайы немесе өз қалауы бойынша медициналық медициналық мекемеде әйелдер кеңесіне есепке тұруы керек.

ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ БАЛАҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН КҮТІҢІЗ!