Мерез

МЕРЕЗГЕ ТЕКСЕРІЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Мерез – жыныстық жолмен берілетін созылмалы ауру. Кейбір жағдайда тұрмыстық қарым-қатынас арқылы, науқас адамның қанын спу адамға құйған кезде және мерезге шалдыққан анасынан құрсақтағы балаға, ана сүті арқылы жұғады.

 

МЕРЕЗДІҢ БАСТЫ БЕЛГІЛЕРІ:

1.      Жыныс мүшелерінің аймағындағы теріде, ауыз қуысында, денеде ауырмайтын жара;

2.      Тері жабындыларында түрлі көлемді қызғылт түсті бөтрпелер, ағарған дақтар;

3.      Аймақтық лимфа түйіндерінің үлкейуі;

4.      Шаштардың түсе бастауы;

5.      Дауыстың себепсіз қарлығуы;

6.      Жұтынғанда ауырсынбайтын кедергінің сезілуі.

 

МЕРЕЗ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

–          Мерездің алғашқы жасырын кезеңі белгісіз өтеді сондықтан жылына бір рет мерезге тексерілу қажет;

–          Жеке бас гигиенасын сақтау;

–          Бөтен адамның жеке бас тазалығына арналған заттарын пайдаланбау;

–          Жыныстық қатынастағы болатын адамнан тазалықты талап ету;

–          Кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу;

–          Кездейсоқ жыныстық қатынас болған жағдайда мүшеқап пайдалану.

 

Егер де сіз өзіңізде немесе жақындарыңызда қауіпті белгілерді байқаған жағдайда мекен жайыңыз бойынша тіркелген емханада қан тапсыруыңызға болады, немесе  Қызылорда облысы тері-венерология диспансерінде венериялық ауруларды тексеретін кабинеті және жасырынды түрде қаралатын кабинетке жоғары дәрежелі дерматовенеролог дәрігеріне қаралып, тексерілу мүмкіндігіңіз бар.