Өз денсаулығыңызды күтіңіз – медициналық тексеруден өтіңіз!

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК  ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ЕСКЕРТЕДІ:

ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ КҮТІҢІЗ-МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТІҢІЗ!

СКРИНИНГКЕ ШАҚЫРУ

 

                          Құрметті_______________________________________________

Сізді, мекен-жайыңыз бойынша емханадан, скринингтік тексеруден өтуге шақырамыз!

 

СКРИНИНГ– арнайы жастағы тұлғаларды қауіпті факторлар мен ерте анықтау, сонымен қатар емдеу тиімділігін арттыру мен аурудың асқынуының алдын алу үшін профилактикалық медициналық тексеру.

                   СКРИНИНГТЕН КЕЛЕСІ ЖАСТАҒЫ ТҰЛҒАЛАР ӨТЕДІ:

• 40,42,44,46,48,50,52,54,56,58,60,62,64 жастағы ер және әйел адамдар

  • Скрининг тест бойынша сауалнама жүргізу, мінез-құлықтық қауіп факторларын анықтау*;
  • Артериалдық қан қысымын өлшеу;
  • Қандағы холестерин мен қанттың деңгейін анықтау;
  • Айғақтар бойынша – электрокардиография;
  • Айғақтар бойынша кардиолог пен эндокринологтың қарауы.

• 40,42,44,46,48,50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,70  жастағы ер және әйел адамдар

  • Скрининг тест бойынша сауалнама жүргізу, мінез-құлықтық қауіп факторларын анықтау*;
  • Көзішілік қысымды өлшеу.

• 30,35,40,45,50,55,60 жастағы әйел адамдар

  • Скрининг тест бойынша сауалнама жүргізу, мінез-құлықтық қауіп факторларын анықтау*;
  • Жатыр мойыны сүртіндісін цитологиялық зерттеуден өткізу;
  • Акушер-гинекологтың қарауы, айғақтар бойынша- кольпоскопия.

• 50,52,54,56,58,60 жастағы әйел адамдар

  • Скрининг тест бойынша сауалнама жүргізу, мінез-құлықтық қауіп факторларын анықтау*;
  • Сүт безін рентгенологиялық зерттеуден (маммография) өткізу;
  • Айғақтар бойынша маммолог,онкологтың қарауы.

• 50,52,54,56,58,60,62,64,66,68 және 70  жастағы ер және әйел адамдар

  • Скрининг тест бойынша сауалнама жүргізу, мінез-құлықтық қауіп факторларын анықтау*;
  • Нәжісті жасырын қанға тестілеу;
  • Айғақтар бойынша тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеуден (колоноскопия) өткізу.

 

• 50,54,58,62 және 66 жастағы ер адамдар

  • Скрининг тест бойынша сауалнама жүргізу, мінез-құлықтық қауіп факторларын анықтау*;
  • Қуықасты безі телімді антигені мен оның түрлеріне қан талдауы;
  • Урологтың қарауы, айғақтар бойынша ультрадыбыстық зерттеуден өткізу, биопсия жасау.

• 50,52,54,56,58 және 60 жастағы ер және әйел адамдар

  • Скрининг тест бойынша сауалнама жүргізу, мінез-құлықтық қауіп факторларын анықтау*;
  • Асқазан және өңешті эндоскопиялық зерттеуін  (эзофагогастродуоденоскопия) өткізу;
  • Айғақтар бойынша гастроэнтеролог, онкологтың қарауы.

• Бауыр циррозы бар ер және әйел адамдар

  • Альфа-фетопротеинге қанды талдауы;
  • Бауырды ультрадыбыстық зерттеуден өткізу;
  • Айғақтар бойынша бауырды компьютерлік және магниттік-резонанстық томогрфияға түсіру.

 

Мінез-құлықтық қауіп факторлары: дененің артық салмағы, дене белсенділігінің төмендігі, шылым шегу, алкогольді шамадан тыс тұтыну.