Жедел контрацепция

ЖЕДЕЛ КОНТРАЦЕПЦИЯ (тиімділігі 75-95%)

Қорғалмаған жыныстық қатынастан болған жүктілікті жедел контрацепцияға арналған таблеткаларды 120 сағат немесе 5 күннен кешіктірмей қабылдау арқылы болдырмауға болады.

Бұл таблеткалар гормондардың қысқа курсын жоғары мөлшерде қамтамасыз еткендіктен жүктілікті болдырмауы мүмкін. Ең алдымен, аналық безден (овуляция) ұрық жасушасының шығуын басады немесе тоқтатады. Жедел контрацепция ертерек қабылданса, соғұрлым тиімді болады. Жедел контрацепцияны жүйелі тәсіл ретінде қабылдауға болмайды. Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан (ЖЖЖИ) және АИТВ- дан қорғамайды.

ІШЕТІН КОНТРАЦЕПТИВТЕР (тиімділігі 99%)

Бұл күнделікті қабылдайтын таблеткалар. Олардың құрамында эстроген және прогестин бар, құрамы жағынан әйелдердің табиғи гормондарына жақын. Ұрықтануға қарсы дәрілер аналық безден ұрық жасушасының шығуын басады және жатыр мойынының каналындағы сілемейді қоюландырып, ұрық жасушасына қарай аталық ұрықтың жылжуын қиындатады, сондықтан  жүктілі болуға жағдай туындамайды. Егер сіздің серіктесіңізде жыныстық серіктес біреуден көп болса, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан ЖЖЖИ және АИТВ- дан сақтану үшін таблеткалармен қосымша мүшеқапты пайдаланыңыз. Таблеткаларда қарсы көрсетілімдер бар, оларды қолданудан бұрын дәрігермен кеңесуіңіз керек!

ИНЬЕКЦИЯЛАР (тиімділігі 99%)

Иньекциялар/инемен шаншу- бұл әйелдердің жамбасына және немесе қолдағы бұлшық етіне 3 айда 1 рет салынатын контрацептивті препараттар. Оның құрамында аналық безден ұрық жасушасының шығуын басатын прогестин гормоны және жатыр мойынындағы сілемейді қоюландырып аталық ұқрықпен, ұрықтануын қиындатады. Егер де Депо-Провера иньекциясын үнемі алсаңыз, жүктіліктен сақтану әдісі бойынша тиімділігі өте жоғары. Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан ЖЖЖИ және АИТВ дан қорғамайды. Иньекцияларда қарсы көрсетілімдер бар, оларды қолданудан бұрын дәрігермен кеңесуіңіз керек!

ХИРУРГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР (тиімділігі 99%)

Өз еркімен жасалатын хирургиялық контрацепция әдісі- контрацепцияны үнемі қамтамасыз ететін қарапайым хирургиялық емшара.  Бұл әдіс енді болашақта бала сүюді қаламайтындарына сенімді ерлер мен әйелдер арасында кең тараған әдіс. Әйелдерге хирургиялық контрацепция әдісі лапароскопия арқылы жатыр түтігін кесіп алып немесе байлап тастайды, ал ерлерде вазэктомия ұрықтардың өту өзектерін байлап немесе кесіп алып тастайды. Бұл контрацепция әдісі болашақта бала сүйгісі келетіндерге ұсынылмайды. Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан ЖЖЖИ және АИТВ дан қорғамайды.

МҮШЕҚАП  (тиімділігі 85-98%)

Ерлердің мүшеқабы- бұл эрекция кезінде ерлердің жыныстық мүшесіне кигізілетін қап. Әйелдер мүшеқабы- жұқа мөлдір пленкадан жасалған басы мен аяқ жағында сақиналары бар қап. Оның бір басы жатырға кіреді, ал екінші жағы сыртта қалады. Жыныстық қатынас кезінде аталық ұрықтың жатырға түсуіне жол бермейді. Мүшеқап – контрацепциясы қаламаған жүктіліктен және жыныстық жолмен жұғатын инфекциялық аурулардан сақтанудың бірден бір әдісі болып табылады.

СПИРАЛЬ (тиімділігі 99%)

Жатыр ішіндегі спираль (ЖІС)- медициналық қызметкердің жатырға салатын шағын қорғаныш.

(ЖІС)-нің түрі, материалы мен әрекет ету механизміне қарай ерекшеленетін түрлері бар. ЖІС аталық ұрықпен ұрықтануына немесе жатырға енуііне кедергі келтіреді. Гормондармен ЖІС жатырға аталық ұрықпен түсуін қиындата отырып, жатыр мойыны сілемейін қоюландырады. Енгізілген  ЖІС 5-10 жылға тиімді және жас босанбаған қыздарғада пайдалануға болады. Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан ЖЖЖИ және АИТВ дан қорғамайды. Дәрігер сізге бұл әдіс келетінін немесе келмейтіндігін анықтап береді.

СПЕРМИЦИДТЕР (тиімділігі 71%)

Спермицидтер- бұл жыныстық қатынасқа түсер алдында, жатырдың ішіне енгізілетін контрацептивтік дәрілік заттар. Спермицидтер қынаптық дәрілер, капсула, свеча, көпіршіктер, гель және губка түрінде шығарылады. Олардың құрамында гормонды емес химиялық препараттардан жасалған, олар аталық ұрықпен жояды немесе ұрық жасушасына жете алмайтындай дәрежеде кедергі келтіреді. Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан ЖЖЖИ және АИТВ дан қорғамайды.