Холтер бойынша ЭКГ  мониторингі

Облыстық перинаталдық орталығы    2020 жылдың маусым айынан бастап төмендегі тексеріс түрлерін өткізеді:

Тәуліктік  ЭКГ-мониторлау  (ХОЛТЕР)  және тәуліктік  артериялық  қысымның мониторлау   (СМАД- суточный  мониторинг артериального давления)  қызметтерін   жүргізетіндігін   хабарлайды.

Бұл қызмет түрлері  емханалардың  жолдамасымен және ақылы түрде жүргізіледі.  Мекен жайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс,  12

Байланыс телефоны: 8 705 143 53 20

Холтер бойынша ЭКГ  мониторингі

 

Холтер бойынша ЭКГ  мониторингі  тәулік  бойы үздіксіз бірнеше тіркемеде  ЭКГ жазатын  функционалды диагностика тәсілі.

Диагностиканың бұл әдісі жүрек жұмысында аздаған өзгерістерді қадағалау және адамның табиғи белсенділігі жағдайында күні бойы артериялық қысымын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Ол үшін пациентке  белдікпен портативті аспап (холтер) бекітіледі.

                    

Қарапайым ЭКГ мен Холтер бойынша  ЭКГ мониторингінің айырмашылығы

1.ЭКГ науқастың тыныш қалпында тіркеледі, бұл  күнделікті өмірдегі  физикалық жүктеме кезінде  миокардтағы  бұзылыстарды көруге  мүмкіндік бермейді.

  1. ЭКГ Холтерлік мониторингтік тіркеу қарапайым  ЭКГ да көрінбейтін  науқастың  күнделікті өмірінде болатын  әр-түрлі жағдайларды тіркеуге мүмкіндік береді.
  2. Алынған мәлімет аритмия түрлері мен стенокардия ұстамасын, жүрек ырғағының бұзылысын , жүрек өткізгіштігін, миокард ишемиясының бар жоғын анықтауға мүмкіндік береді

ЭКГ холтер  мониторлау үшін көрсеткіштер:  

Егер адам  жүрек ауырғандығын сезінсе, Холтер бойынша тәуліктік диагностика жүргізу үшін кардиологқа жүгіну керек:

  • кенеттен немесе белгілі бір физикалық жүктемелерде пайда болатын жүректегі тұрақты немесе эпизодтық ауырсыну;
  • кеуде тұсының ауыруы мен ауырлығы;
  • таңертеңгі әлсіздік, күн бойы ұйқышылдық;
  • ентігу;
  • эмоциялық жүктеме кезінде жүрек жұмысындағы ауытқулар
  • Бас айналуы, талуы

« ОПО»  бойынша  Холтерлік  ЭКГ мониторингінің бағасы   

 Қызметтер  атауы   Бағасы  (тг.)*
Кардиолог кеңесі 2 410
Тәуліктік Холтер бойынша ЭКГ мониторингі (24 сағат) АЕК бойынша 4 739.68
Тәуліктік  Холтер бойынша ЭКГ  мониторингі (24 сағат)– ақылы қызмет 5 000