Өкпені жасанды желдететін бес құрылғы табысталды.

Бүгінгі таңда елімізде медицина саласы қарыштап дамып, заман талабына сай қадам басуда.

Республика деңгейінде біздің орталықтың қажетті медициналық аппаратпен жабдықталуы жоғары деңгейде, 92,4% құрайды.

Көп жылдар бойы орталықты басқарып келген Жұмашева Гүлнар Хамзақызының басшылығымен жергілікті бюджеттен, мекеменің қаржысынан, республикалық бюджеттен «Казмедтех» арқылы лизингке өте қажет аппартаттар алынды, әсіресе шала туған  нәрестелерге және спонсорлық көмек ретінде де біраз құрал-жабдықтар мен аппараттар алуға үлкен жұмыс атқарылды.

Биылғы пандемияға қарсы тұруға қосымша дайындықтар жасалды. Орталықтың екінші корпусында провизорлық аурухана ашылғандықтан денсаулық сақтау басқармасынан, спонсорлық көмек ретінде барлығы 23  кислородтық концентратор, 4 пульсоксиметр көмек ретінде, «КазТрансойл» -дан  2 дана ИВЛ аппараты және  облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 2 дана, арнайы жабдықтау базасынан 3 дана безконтактный термометр тапсырылды.

Және де мекеме қаражатынан 10 пациент мониторы және 15 дана безконтактный термометр алынды.

Сондай-ақ 16 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласының  отандық кәсіпорыны «ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі»  өкпені жасанды желдететін «BIYOVENT» стационарлық аппараттарының 5 данасын тапсырды.

Халық денсаулығы – елдің басты байлығы. Міне, осындай ел игілігіне пайдалануға, денсаулық сақтауға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға қол ұшын берген барлық азаматтарға алғысымызды айтамыз.