«Мектепке жол» акциясы

Облыстық перинаталдық орталығының кәсіподақ ұйымының тарапынан жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы аясында іс-шара өткізілді. Аталмыш акция жыл сайын перинаталдық орталықта өткізіледі.

1 қыркүйек «Білім күніне» орай 1-сыныпқа баратын 70 қызметкердің мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге жаңа оқу жыл қарсаңына сөмке және де оқу құралдары, сонымен қатар 2 көп балалы отбасыға планшет табысталды.