Ұстанымы, мақсаты, қызмет түрлері, құндылықтары

Облыстық перинаталдық орталықтың миссиясы

Ана мен бала денсаулығын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, білікті медициналық көмекпен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында дәрілік заттармен қамтамасыз ету.

Облыстық перинаталдық орталықтың ұстанымы

Облыс көлеміндегі аналар мен балаларға ұсынылатын медициналық қызмет түрлерінің сапасын жақсарту үшін қолайлы жағдай жасау.


Облыстық перинаталдық орталықтың қызметінің негізгі мақсаты:

Жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге, әсіресе ауыр паталогиялық диагнозбен жаңа босанған әйелдерге, дүниеге жаңа келген сәбилерге, оның ішінде хирургиялық көмекті қажет ететін туабітті дамуында және гинекологиялық ақаулары бар сәбилерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Қолданыстағы босандыру жүйесін тиімді пайдалана отырып, перинаталдық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.

Облыстық перинаталдық орталық келесі қызмет түрлерін көрсетеді:


  • Қауіптілік факторы бар жүкті әйелдерге жүктілік кезінде, босану кезінде дұрыс тактикалық ұстанымдарын таңдауға диагностикалық-кеңес көмегін сондай-ақ медициналық көмек көрсетудің деңгейін анықтауға көмек көрсетеді;


  • Стационарлық, акушерлік, гинекологиялық, неонатологиялық көмек түрлерін жүзеге асырады. Жүкті әйелдерді, перинаталды паталогиялық қауіптілікпен босанатын және босанған әйелдерді, жүктіліктің 22-34 аптасында мерзімінен ерте босанған әйелдерді сондай-ақ аса қауіптілігі жоқ жүкті және босанған әйелдерді госпитализациялауға негізделген;


  • Жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге, жас босанған әйелдерге және сырқаты бар сәбилерге, акушерлік және неонатологиялық арнай көмекті қажет ететіндерге, дене салмағы 1500,0гр және одан төмен шала туылған сәбилерге, төменгі сатылы мекемелерден ауысып келгендерге медициналық қызметтің барлық түрлерін көрсетеді;


  • Жаңа туылған сырқат сәбиге оңалту шараларын, күні жетпей туылған сәбилерге күтім шараларын жүзеге асырады;


  • Алғашқы медициналық-санитарлық және босану бөлімшелерімен бірігіп қызмет жасайды;


  • Акушер-гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсету бойынша өзекті сұрақтар жөнінде семинарлар және конференциялар ұйымдастырады және өткізеді;


  • Акушер-гинекологиялық және неонатологиялық қызметтің диагностикалау және емдеу протоколын жасауға және енгізуге атсалысады;


  • Телекоммуникациялық ақпараттық-аналитикалық жүйенің көмегімен жаңа туылған сәбилерге медициналық көмек көрсету жөнінде кеңестер береді;


  • «Кері байланыс» принципі бойынша республикалық денсаулық сақтау мекемелерімен пікір алмасады;


  • Жүктілікті, босануды және босанудан соң кезеңдерді күрделі өткізген әйелдерге оңалту шараларын жүргізеді;


  • Перинаталдық орталық облыс орталығында, республикалық маңызы бар қалада, ел астанасында құрылады және мамандандырылған акушерлік, гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсетеді.

Облыстық перинаталдық орталықтың құндылықтары:

  • Өзіндік дамуы және өзін-өзі танытуы;
  • Тәлімгерлік;
  • Жауаптылық;
  • Пациенттің құқығына деген құрмет;
  • Төзімділік;
  • Кәсіпқойлық;
  • Ынтымақтастық;
  • Адамгершілік;
  • Шынайылық және әділдік;
  • Міндеттілік;
  • Мейірбандық (тілектестік);
  • Өзге адамдарға зиян келтірмеу;

  • Қоғамдық мүлікке зиян келтірмеу. Мекеменің ең басты мақсаты мен қызметі, халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған акушерлік, гинекологиялық және неонатологиялық көмек түрін көрсету;