«Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК-ының  Байқау кеңесінің №1 отырысының өтуі туралы

 «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК-ының  Байқау кеңесінің №1 отырысының өтуі туралы

 

«Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК-ының  Байқау кеңесінің №1 отырысы 2021  жылдың 31 наурызы күні өтті. Отырыстың өткізу нысаны- еліміздегі пандемияға байланысты сырттай дауыс беру арқылы.

Отырысқа байқау  кеңесінің  төрайымы, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының  ана мен бала  денсаулығын қорғау  жөніндегі орынбасары  Шукирова Анаркуль Алиевна бастаған байқау кеңесінің  мүшелері:

  1. Әбләзім Әбдіғабит Әбләзімұлы,
  2. Тасмаганбетова Салтанат Сейткалиевна,
  3. Нысанова Гульжихан Тасеменовна,
  4. Аргинбаев Бахытжан Абилбекович,
  5. Алиева Шарипа Жаксылыковна,
  6. Ким Олег Вячеславович толық  қатысты. Олардан басқа байқау кеңесінің хатшысы Батырбекова Улман Турганбековна мен  мекеменің бас есепшісі Төлебай Нұргүл Жаңажанқызы қатысты.

 Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

  1. 2020 жылғы «Облыстық перинаталдық  орталығы» ШЖҚ КМК-ының Байқау кеңесінің атқарылған жұмыстары жөніндегі  жылдық есебі. Баяндамашы- Байқау Кеңесінің  хатшысы  У.Батырбекова.
  2. 2021 жылға «Облыстық  перинаталдық  орталығы» ШЖҚ КМК-ының Байқау кеңесінің  жылдық жоспарын  бекіту. Баяндамашы: Байқау кеңесінің төрайымы Шукирова А.А.
  3. Мекеменің 2020 жылдық қаржылық-шаруашылық қызметі жөніндегі есебі. Баяндамашы: бас есепші Н.Төлебай.
  4. Мекеменің Даму  жоспарының орындалуы  туралы 2020 жылдық  есепті талқылау және келісім беру. Баяндамашы бас есепші Н.Төлебай.

Байқау кеңесі  жоғарыда аталған  күн тәртібін қарап, шешім қабылдады:

– «Қызылорда облысының  денсаулық  сақтау басқармасының «Облыстық  перинаталдық  орталығы» шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  коммуналдық  мемлекеттік  кәсіпорнының Байқау  кеңесінің  2021  жылғы  кезекті 1 отырысының күн  тәртібін,

–  2021  жылға  «Облыстық  перинаталдық  орталығы» ШЖҚ КМК-ының Байқау кеңесінің  жылдық жоспарын бекітті.

– 2020 жылғы «Облыстық  перинаталдық  орталығы» ШЖҚ КМК-ының Байқау кеңесінің атқарылған жұмыстары жөніндегі  жылдық есебі тыңдалып, қанағаттанарлық деген баға берілді.

– Мекеменің 2020 жылдық  қаржылық-шаруашылық қызметі жөніндегі  есебі тыңдалып, талқыланып, бекітуге келісім берілді.

-«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 149 бабына сәйкес, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі  кәсіпорынның Даму жоспарының орындалуы туралы есебімен келісуіне және жылдық қаржы есептілігін  бекітуге өкілеттілігі бар.

Сондықтан, «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесі

мүшелері  Облыстық  перинаталдық  орталығының  2020 жылға арналған Даму  жоспарын  зерделеп қарап  шығып, өз ұсыныстарын қосып,талқылап,  бірауыздан  дауыс беріп, нақтылап, басшы  органға тапсыруға келісім берді.