ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Ким Олег Вячеславович облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

Олег Ким 1972 жылы 26 қаңтарда Кызылорда қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 28.08.1995 ж-08.04.2002 ж №2 қалалық емхананың акушер-гинеколог дәрігері болып бастаған.

09.04.2002-05.04.2004 жылдар аралығында Біріккен қалалық перзентханада акушер-гинеколог дәрігер;

05.04.2004-03.11.2006 жылдар аралығында

Қызылорда қалалық перзентханасының «физиология» бөлімшесінің меңгерушісі;

03.11.2006ж-15.03.2016 ж.-19.03.2019 жылдары «Әйелдер консультациясы бар Қызылорда қалалық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК(қазіргі “облыстық перинаталдық орталық” ШЖҚ КМК) бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары;

11.04.2019 жылдан осы күнге дейін «ALEXEY SULTAN-AKHMET»  ЖШС – директоры қызметін абыроймен, жоғары деңгейде атқарып келді.

Олег Вячеславовичтің жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!