«Әрқашан болсын Анам, болайын менде аман»

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған  «Әрқашан болсын Анам, болайын менде аман» атты мерекелік іс-шара облыстық перинаталдық орталығында 11 наурыз күні сағат 14.00 – де өткізілді.
Шараны ұйымдастырушылар “Бойтұмар Ханым” қоғамдық қорының төрайымы Р.Қ. Ахметова және облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Г.Х. Жумашева.
Мерекелік кешті Ерниязова Айнұр жетекшілік еткен жас домбырашылар тобы ән шашумен ашты. Ұйымдастырушылар жас аналарға арнайы сый-сияпат табыстады.
Облыстық перинаталдық орталығында басшылық еткен Ж.Ш. Қожариповаға және облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры Г.А. Сақтағанова, Қызылорда медициналық жоғары колледж директоры С.С.Тасмаганбетованы «Перзентхананың 80 жыл» төс белгісімен марапаттады және де ерекше еңбегімен көзге түсіп жақсы жұмыс атқарған қызметкерлерімізді де төс белгімен марапаттады.
Қоғамдық қор төрайымы Р.Қ. Ахметова жас аналарға және қор мүшелеріне тілекші болып, ілтипат көрсеткен кіші буынға алғысын айтып, ізгі лебізін жолдады.