Құрметті отандастар!
Сіздерді Қазақстандықтар үшін ең ұлы да, қастерлі мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мейрам – ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын күн.
Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 29 жыл толып отыр.
Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтағымыз келеді. Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілейміз!
Құрметпен, Облыстық перинаталдық орталығының ұжымы!