Сүйінші!!! Бізде қуанышты жаңалық!!!

Қызылорда қаласының облыстық  перинаталдық орталығында 2020 жылы бүгінге дейін 4505  нәресте дүниеге келсе, оның ішінде 75 егіз, 2  үшем  дүние есігін ашты.

2020 жылдың 4 мамыр күні Қазалы ауданына қарасты Түктібаев ауылының көпбалалы тұрғыны Махамбетжанова Айгерім  «жүктіліктің 31- аптасында»  Айғант, Айғаным және Асылым есімді сәбилерді дүниеге әкелді. Шақалақтар кесар тілігі отасы арқылы бірнеше минут айырмашылығымен туылды. Сәбилердің салмақтары: 1 нәресте – қыз жынысты 1730, 2 нәресте – қыз 1700, 3 нәресте –  қыз1300 грамм,  бойлары – 38-41 см. Олар бір ай уақыттың ішінде салмақ қосып, жағдайлары жақсарды. Қазіргі таңда сәбилердің және олардың анасының жағдайы қалыпты.

Отағасы Алтынбаев Қуаныш пен Айгерімнің   отбасында осы үшемнен бөлек бес перзенті бар.

Нәрестелерді Қазалы аудандық ауруханасы әкімшілігінің ұйымдастыруымен келген жедел жәрдем санитарлық автокөлігімен Қазалы ауданы  Түктібаев ауылына жол тартты. Облыстық перинаталдық  орталығының бас дәрігері Жұмашева Гүлнар  Хамзақызы осы ауылдың аймақтық дәрігерлеріне алдағы уақытта анасы мен нәрестелердің  жағдайын қатаң бақылауға алуын  тапсырып, сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында көп балалы отбасыға  арнайы қаржылай көмек берілді.  Сонымен қатар «Nur Otan»  фракциясы мүшесі облыстық Мәслихат депутаты Кенжебаев Бердібек Бердалыұлы әр сәбидің құрметіне 50 000-нан қаржылай қолдау көрсетті. Облыстық  әйелдер кеңесінің төрайымы,  облыстық мәслихатының депутаты Байназарова  Райкүл Мансұрқызы және «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының басшысы Искакова Лиза Ноғайқызы осы үшемдерге үлкен аналық жүрегімен өз сыйлықтарын табыс етті.  Және де «Ана мен бала» орталығының бас дәрігері Жұмашева Гүлнар Хамзақызы  жылы лебізін білдіріп,  сый – сияпат табыстады.

«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген,  қазақ елін, жерін қорғайтын, мақтан етер ұрпағымыз көбейсін.

Қазақтың әр отбасында осындай қуаныштар көбейе берсін!!!