ШЖҚ КМК-ының Байқау кеңесінің  2 отырысы

«Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК-ының Байқау кеңесінің  2 отырысы 2019  жылдың 03 шілдесі күні өтті. Отырысқа Анар Алиевна Шукирова  байқау  кеңесінің  төрайымы, басқарма басшысының  ана мен бала  денсаулығын қорғау  жөніндегі орынбасары бастаған 6 байқау кеңесінің  мүшесі қатысты. Олардан басқа  мекеменің бас дәрігерінің орынбасары Б.Смаханов, бас есепші Н.Төлебай,заңгер А.Жукашев қатысты.

 

Күн тәртібінде:

1.Мекеменің  ішкі нормативтік   құжаты «Корпоративті басқару Кодексін» қарау  және бекіту.

  1. 2019  жылғы 08 сәуірде  өткен  Байқау кеңесінің  бірінші  отырысының шешімдерінің  орындалу барысы туралы.
  2. 2019 жылы Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау  министрлігінің кейбір  нормативтік құқықтық актілеріне  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілуіне  байланысты (11 сәуір 2019 жылғы №771 бұйрық, 19 желтоқсан 2018 жылғы №43 бұйрық)  2010  жылғы 7 сәуірдегі   №238  бұйрығына сәйкес   бекітілген  штаттық  кестесіне  өзгерістер  мен толықтырулар  енгізу  туралы.
  3. Мекеменің Даму жоспарының орындалуы  туралы  жылдық  есепті талқылау және келісім беру.
  4. «Облыстық перинаталдық  орталығы» ШЖҚ КМК-ы Байқау кеңесінің  мүшелері Қызылорда облысының  денсаулық  сақтау  басқармасымен арадағы  жасалынатын өтеулі қызметтер  көрсетудің шартымен танысып, қол қою туралы.
  5. «Денсаулық сақтау саласындағы  шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық  мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің Ережесін бекіту  туралы» Қызылорда облысының  денсаулық  сақтау  басқармасының №424 12.06.2019  жылғы  бұйрығымен танысу, алдағы  уақытта басшылыққа алып  жұмыс жасау туралы.- мәселелер қаралды.

Байқау кеңесі күн тәртібін қарап, шешім қабылдады:

«Қызылорда облысының  денсаулық  сақтау басқармасының «Облыстық  перинаталдық  орталығы» шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  коммуналдық  мемлекеттік  кәсіпорнының Байқау  кеңесінің  2019  жылғы  кезекті 2 отырысының күн  тәртібін бекітті.

  1. Корпоративтік басқарумемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызметін басқаруды қамтамасыз ететін және меншік иесі (акционер), байқау кеңесі (директорлар кеңесі), атқарушы орган (басқарма), мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың өзге де органдары мен меншік иесінің (акционердің) мүддесі үшін мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастарды қамтитын процесстер жиынтығы. Корпоративтік басқарудың басты  қағидаттары туралы айтып өтті.

 

Ашықтық Есеп берушілік Әділеттілік | Жауапкершілік
• мекеме сайты

•   жұмысқа қабылдау

•    уақытылы  қаржы жағдайы, мекеме, басқару бойынша нақты ақпаратты беру

•    Мекеменің стратегиялық жоспары

•    Дер кезінде басшы  органдарға есеп беру (ОДСБ, РЦЭЗ, ФСМС)

• Басшылыққа қызметкерлердің есеп берушілігі

• еңбек  нәтижесіне байланысты диф.оплатаны енгізу

• барлық  қызметкерлерге бірдей қарау

•Тиімді сот қорғауы/ Эффективная судебная защита

•    Байқау кеңесі

•  Мүдделі органдармен ынтымақтастық

Тараптар: әл-ауқатты арттыру; тұрақтылық.

 

Уәкілетті  органның  құқықтары  мен  міндеттерін  қорғау, қамтамасыз ету  принциптері, тиімді  байқау кеңесі және  оның  жұмысын ұйымдастыру, байқау  кеңесінің секретары туралы, байқау кеңесінің мүшелерін бағалау  және  сыйақы мөлшерін белгілеу тәртібі,  байқау  кеңесі жанынан комитеттер  құруға болатыны туралы, ішкі бақылау мен аудит, корпоративті жанжалдарды  басқару және реттеу, ашықтық принципін қолдану туралы  таныстырып айтып өтті. Мекеменің  Корпоративті басқару Кодексі талқыланып,бекітілді. 2019  жылғы 08 сәуірде өткен    «Облыстық  перинаталдық  орталығы» ШЖҚ КМК-ының Байқау кеңесінің 1 отырысының  шешімдерінің  орындалу  барысы  туралы баяндама тыңдалды.

2019  жылы Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау  министрлігінің кейбір  нормативтік құқықтық актілеріне  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілуіне  байланысты (11 сәуір 2019 жылғы №771 бұйрық, 19 желтоқсан 2018 жылғы №43 бұйрық)  2010  жылғы 7 сәуірдегі   №238  бұйрығына сәйкес   бекітілген  штаттық  кестесіне  өзгерістер  мен толықтырулар  енгізілді .  Мекеменің Даму  жоспарының орындалуы  туралы  жылдық  есепті талқылап және келісім берілді.

2019 жылдың мамыр айында «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК-на 2018 жылдың қаржылық  есебіне  «Көмек Аудит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аудит жүргізді, кәсіпорынның жылдық есебінен ауытқушылық болған жоқ, аудитордың есебі «Көмек Аудит» ЖШС директоры Б.Х.Жапбасбаевпен  2019 жылдың 27 мамырында бекітілді.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 149 бабына сәйкес, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі  кәсіпорынның Даму жоспарының орындалуы туралы есебімен келісуіне және жылдық қаржы есептілігін  бекітуге өкілеттілігі бар.

Сондықтан, «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК әкімшілігі Байқау кеңесі есепті бекітіп және Даму жоспарындағы көрсеткіштердің орындалу есебіне келісім берді. «Облыстық  перинаталдық  орталығы» ШЖҚ КМК-ы Байқау кеңесінің  мүшелері Қызылорда облысының  денсаулық  сақтау  басқармасымен арадағы  жасалынатын өтеулі қызметтер  көрсетудің шартымен танысып, қол қойды.   «Денсаулық сақтау саласындағы  шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық  мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің Ережесін бекіту  туралы» Қызылорда облысының  денсаулық  сақтау  басқармасының №424 12.06.2019  жылғы  бұйрығымен танысып, алдағы  уақытта басшылыққа алып  жұмыс жасау туралы шешім қабылданды.