Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында мастер класс өткізілуде

2020 жылдың  4-6 қараша аралығында  облыстық  перинаталдық орталығының базасында денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Акушерлік және гинекологиялық практикадағы критикалық жағдайлар» тақырыбында оқу курсы Акушерлік-гинекология және перинатология ғылыми орталығының жоғарғы білікті акушер-гинекологы, профессор Мухаббат Муминовна Нартаеваның қатысуымен мастер – клас  өткізілуде.

«Акушерлік және гинекологиялық практикадағы критикалық жағдайлар» тақырыбында өткізілетін мастер-классқа облыстық, қалалық және аудандандық акушер-гинеколог дәрігерлері қатысты.

Ана мен бала саласы – өте шұғыл көмек қажет ететін сала. Сондықтан, өте ауыр жағдайда келіп түсетін пациенттерге (критикалық жағдайда) сапалы және тез шұғыл көмек жасаудағы бағыттар мен принциптер, медициналық қызметкерлердің іс-қимыл әрекеттерін белгілеп, нақтылап, тағы да қосымша мағлұматтар берілді.