Жұмыс берушілер – өзгеріссіз
Жұмыс берушілер үшін МСҚ-на аударатын аударымдар мөлшері өзгермейді: 2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%.
Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері жарнаны осы тәртіп бойынша төлейді.
Жеке тұлғалар – жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылады.
Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендетілді. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемінде жарна төлейді. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды.
Жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары ЖК ретінде өзі үшін жарна аудармайды. БІРАҚ қарамағындағы қызметкерлер үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударуды тоқтатпайды (2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%).
Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 2020 жылы 1%, 2021 жылдан бастап 2% ұстап, Қорға аударады.
Мемлекет жекелеген санаттағы азаматтар үшін жарнаны 2020 жылдан бастап аударады. Аударылатын жарна мөлшері оған дейінгі екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4 пайызын құрамақ («Міндетті медициналық сақтандыру туралы» заңның 26 бабы 2,3 тармақтары).
Жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпайтын тұлғалар бір ЕТЖ (ең төменгі жалақының) 5 пайызын төлеп, сақтандыру жүйесіне қосыла алады.