Қазақстандық олимпиадашылардың сыйлығы

Олимпиада күніне орай жаңа туылған нәрестелер қазақстандық спортшылардан сыйлықтар алды!
23 маусым күні облыстық перинаталдық орталығында босанған жас аналарға Олимпиада күніне орай ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті арнайы құттықтау сертификаттарын және осы күні дүниеге келген барлық нәрестелерге естелік сыйлықтар сыйлады.
Акция ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен “KAZPOST” АҚ қолдауымен өтті.
“Туған күнің құтты болсын, балапан! Бұл күн біз үшін ерекше – бүгін Халықаралық Олимпиада күні. Бүгін Олимпиаданың басты құндылығы саналатын бірліктің, теңдіктің және бір-бірімізге деген құрметтің маңыздылығын ұғынып, еске аламыз.Сенің болашақта спортшы болатының я болмайтының маңызды емес. Ең маңыздысы, кез келген істе, өмірде спортшы сияқты жеңімпаз болады деп сенеміз. Сен өз салаңда үздік маман бола аласың: үздік дәрігер, инженер, аспаз немесе ұшқыш. Ең бастысы арманыңа сеніп, оған адал болу. Олимпиада отбасы саған кез келген салада бағың жанып, үздік болуыңды тілейді!”, – дейді қазақстандық спортшылар сәбилерге.