ЕЛ АЛҒЫСЫН АРҚАЛАҒАН АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР

Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Шукирова Анар Алиевна және денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Асылхан Абылайханұлы облыстық перинаталдық орталығының ардагерлері:
⚜ Карибаева Раушан Абатовна,
⚜ Камысбаева Рысалды Абиевна,
⚜ Базарбаева Роза Сейтжановнаны құрметті зейнет демалысына шығуымен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Басқарма басшысының орынбасары перинаталдық орталықтың дамуына елеулі үлес қосып, медицина саласында 50 жыл тынымсыз еңбек еткен ардагерлердің ел игілігі үшін атқарған жұмыстарын атап өтті.
Басқарма басшысының орынбасары ардагерлерді Облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапаттап, қазақы дәстүрмен шапан жапты.
Іс-шарада Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Анар Алиева, Қызылорда облыстық сотының әкімшілігінің басшысы Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлы, Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Асылхан Аблайханулы, Алтыншы қалалық емхананың бас дәрігері Жаннат Кожарипова сөз сөйлеп, құрметке бөленген азаматтардың ана мен бала денсаулығы саласында атқарған жұмыстарын атап көрсетті.
Өз кезегінде ардагерлер қонақтарға, басқарма басшысының орынбасарына және әріптестеріне зор алғыс білдіріп, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.