Нәрестелер бөлімі
Облыстық перинаталдық орталығында нәрестелер бөлімінің негізгі жұмысы:
- Аналардың сәбилерімен бірге болып, ана сүтімен емізу тәжірибиесін жүргізу (әсіресе түнгі уақытта еміздіру),
- Кіндік қалдығы құрғақ әдіспен, тазартусыз жүргізу. Кіндіктің қалдығы өздігінен түсуі тиіс.
- Вакцинация жасау (ВГВ-12 сағат ішінде гепатитке қарсы, БЦЖ-0-4 тәулікте туберкулезге қарсы), жаңа туылған нәрестелерге вакцинациялануды дәрігердің тағайындауынан кейін дене қызуы өлшеніп, анасының жазбаша рұқсатымен және қатысуымен егу кабинетіне жүргізіледі
- Жаңа туылған нәрестелерге ерте шақтағы есту қабілетін тексеру мақсатында дыбыссыз кабинада аудиологиялық тексеру
- Жаңа туылған нәрестелердің зат алмасуының тұқым қуалаушылық ауруларын анықтау мақсатында неонаталды скринингтік тексеру жүргізу (туа біткен гипотериоз және фенилкитонурия)
- Жүрек қызметінің туа біткен ақауын тексеру,
- Ерте үйге шығу (аурухана-ішілік індет болдырмау мақсатында).
Перинаталдық орталықта нәрестені егуге, тексеруге апару және үйге шығарылуы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, анасымен бірге міндетті түрде жылжымалы нәресте арбасымен жүргізіледі.
30 қызметкері бар нәрестелер бөлімінің бөлім меңгерушісі – Исаева Базаркул Ахметхалиевна, жоғарғы санатты дәрігер-неонатолог, еңбек өтілі 30 жыл.
Исабекова Нургуль Кенесовна – нәрестелер бөлімінің аға мейірбикесі жоғарғы санатты, еңбек өтілі 27 жыл