Ашу
Басты бет Орталық туралы ақпарат

Орталық туралы ақпарат

Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорны «Облыстық перинаталдық орталығы»  облысымыздағы жаңа емдеу мекемелерінің бірі. 350 төсектік ауруханасы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде салынған. Республикада біздің облыс туу көрсеткіші бойынша алдыңғы орында тұр. Бүгінгі таңда Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы жалпы облыс бойынша 18 мыңнан жоғары босанудың 60 %-ын құрайтын, жылына 11000 мыңға жуық босану болатын ірі босандыратын медициналық ұйымдардың біріне айналды.

 Ана өмірін сақтау және бала өлімін төмендету үшін мамандандырылған білікті дәрігерлер жұмыс атқаруда. Дәрігерлер, акушерлер мен мейірбикелердің қазіргі заман талабына сай кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында еліміздің жетекші емдеу мекемелерімен қатар, алыс-жақын Корея, Жапония, Ресей, Финляндия, Израиль, Германия, Англия, Недерланды, Польша, Латвия секілді мемлекеттеріндегі медициналық орталықтарда жүйелі түрде тәжірибе алмасады. Бұл үрдіс оң жолға қойылған.

 Ана мен балаға көрсетілетін көмек сапасын жақсарту мақсатында орталықтағы дәрігерлерді қосымша мамандыққа оқыту арқылы невролог, кардиолог, офтальмолог мамандары даярланып, жұмыс жүргізуде. Осы мамандық бойынша қажетті аппараттар Холтер, СМАД, ЭЭГ, ЭКГ аппараттары сатып алынып, қолданысқа енгізілді.

2 негізгі ғимаратының жалпы ауданы – 31120,9 кв.м

Екі негізгі ғимарат та Қазақстан, Ресей, Германия, Жапония мемлекеттерінің үздік медициналық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

Облыстық перинаталдық орталығында стационарлық және кеңес беру-диагностикалық көмек көрсетіледі.

2 негізгі ғимаратта келесі бөлімшелер орналасқан:

І ғимарат (Сұлтан Бейбарыс көшесі 12):

  • Қабылдау бөлімі;
  • Жүктілер паталогиясы бөлімі;
  • Босану блогы;
  • Ота жасау блогы;
  • Босанудан кейінгі І акушерлік бөлім;
  • Босанудан кейінгі ІІ акушерлік бөлім;
  • Анестезиология-реаниматология және қарқынды терапия бөлімі;
  • Нәрестелер интенсивтік терапия және реанимация бөлімі;
  • Нәрестелер бөлімі;
  • Нәрестелер патологиясы бөлімі;
  • Гинекология бөлімі;
  • Клиникалық лаборатория бөлімі;
  • Бактериологиялық лаборатория бөлімі;

ІІ  ғимарат (Ә. Бөкейхан көшесі 60):

  • Клиникалық-диагностикалық бөлімі
  • Медико-генетикалық орталығы
  • Күндізгі стационар
  • Әйелдер консультациясы
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер