Ашу
Басты бет Бөлімдер Босану бөлімі

Босану бөлімі

Облыстық перинаталдық орталығындағы босану бөлімі 2 блоктан тұрады (А және Б). Босану санын есепке ала отырып, бүгінгі таңда 22 жеке босану бөлмелері қызмет көрсетуде. Әр бір босану бөлмелері таза, жарық, жылы және үй жағдайда жақын жағдайда ұйымдастырылды. Бөлме ішінде:

  • анаға және балаға арналған керуеттер;
  • трансформер керуеттері;
  • балаға арналған жылу көздерімен жабдықталған үстел;
  • Бала таразы дене қызуы өлшейтін термометр (балаға және анаға бөлек).
  • Бөлме температурасын өлшейтін жарға ілінген термометр;
  • балаға алғашқы көмек керек болған кездегі керекті дәрі-дәрмектер; 
  • бір реттік медициналық заттармен жабдықталған шкаф, чемодан дайындалған;

Бөлме температурасы көрсеткіші 25,28 градус төмен болмау керек. Сонымен қатар анаға шұғыл көмек керек болған жағдайда да көмек бұрышы дайындалған. Анаға тамақ ішуге арналған үстел, орындық және қол жууға арналған яғни, сұйық сабын, антисептик сұйықтықтары ілінген бір реттік сүлгілер немесе салфеткамен қамтамасыз етілген.

Патогенді микробтарды жоюға арналған ультра күлгін шамдары (кварц) орнатылған. Алғашқы көмек көрсету схемалары ілінген. Анаға босану кезінде өзін қандай қалыпта ұстау ынғайлы таңдап алу үлгілері ілінген және бөлмеге келгеннен бастап барлық жағдайлар түсіндіріледі. Соның ішінде босанушы қалай тамақтану керек, жайында мағлұматтар беріледі. Босануға дейінгі кезінде толғақта қалай ауырсынуды бәсендестік жеңілдетуге болатынын уқалау тәсілдерін түсіндіріп, босану кезінде жағдайларын реттеп отыру кеңес беріледі. Босануға дейін баланың және босанушының жағдайы қатаң бағаланады және бақылау жүргізіледі. Толғақ кезінде әйелдің өзі реттеліп отырады. Босанушының жағдайы қатаң қадағалап тұрады. Босанғаннан кейін баланы жынысы көрсетіліп үстіне беріледі, терімен тері жанасады. Біріншіден баланы белгісіз микроорганизмдерден қорғайды, екіншіден жылылық яғни баланы тоңып қалуынан қорғайды, үшіншіден ана мен баланың қарым қатынас орнап бір-біріне көмек септіктері жалғасады. Атап айтсақ сәби алғашқы рет анасының кеудесін алады, уызын сорып қорғаныс ортасы түзеледі, анасына жатырының тез жиырылуына ему арқылы үлкен септігі тиеді, баланың емуі анасының жатырының  жиырылуына кезекті гармонның бөлінуіне ықпал етеді. Босанғаннан кейін ана мен бала екі сағат бақылауда болады.

Қалыпты жағдайда босанған ана баласымен бірге жылу тізбегін сақтай отырып босанғаннан кейінгі акушерлік бөлімеге ауыстырылады. Ауыстырар алдында баланың, анасының темпуратурасы өлшенеді, салмағы бойының өлшемдері алынып білезік парағына көрсетіліп жазылады.

Босану бөлімінде орталықтандырылған кардиотокография орнатылған. Дәрігерлер бөлмесіне және орта буын бақылауына яғни әр босану бөлмелері КТГ аппараттарымен жабдықталған және орталық жүйеге қосылған. Бұл босану бөлмесінен акушер шықса да, бала жүрек соғысының бақылауда тыс қалмай, дәрігердің де акушердің де көз назарында болады. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік себебі патологиялық ауытқудың алдын-алуға зор үлес береді.

Сонымен қатар барлық босану бөлмелері ана мен бала қауіпсіздігіне және тиімді көмек көрсету жүйелері толық қамтылған.  Әйелдің барлық кезеңінде сол жерде босануына барлық жағдай жасалынған және де серіктестік әдіспен босандыруда қарастырылған.

Босану блогында қазіргі заманға сай және тағы басқа келесі заманауи аппараттарымен жабдықталған :

  • КТГ аппараттарымен, яғни ананың құрсағындағы баланың жүрек соғысын бақылауға арналған;
  • Жаңа туылған нәрестенің температурасы қалыпты ұстауға арналған реанимациялық үстел;
  • Нәрестенің алғашқы босанғаннан кейінгі жағдайын тұрақтандыру палатасы;
  • Нәрестелердің демін қалпына келтіру мақсатында CPAP аппараты;
  • Мөлшерлі дәрілерді өз деңгейінде жіберетін дозаторлар

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ, ЮНИСЕФ) «Қауіпсіз ана болу» бағдарламасы бойынша тиімді перинаталды технологиялар енгізіліп, сол бағдарлама бойынша медициналық көмектің сапасын жақсартатын, көп қаражат қажет етпейтін жұмыстар, жүктілік пен босануды жүргізудің тиімді тәсілдері жүргізілуде. Мысалы:

– жеке босану бөлмесі

– босану кезіндегі әйел еркін таңдаған қалыпта босану

– босанудық ІІІ кезеңін активті жүргізу

– серіктестік босану

– тек қана ана сүтімен қоректендіру

– жылу тізбегін сақтау

– перзентханадан ерте шығару

Қазіргі таңда келесі босану бөлімінің дәрігерлері жоғары деңгейде медициналық көмектерін көрсете отырып әр отбасына қуаныш сыйлауда:

  • Ким Алексей Афанасьевич
  • Приева Аманкүл Тохтанбековна
  • Косназарова Фатима Алиаскаровна
  • Жанәбіл Ақмарал Әділбекқызы
  • Нуртазаева Дана Махмутовна
  • Жүсүпбек Малика Бақытқызы
  • Нұрлыбаева Әлия Нұрлыбайқызы
  • Нурумбетова Жанар Жолдасбековна
  • Турахметова Айгерим Турганбаевна
  • Кадирова Мольдир Нуралиевна
  • Алтыбасова Бағжан Ақылбекқызы
  • Талқанбаева Әсель Серікқызы
  • Каюпова Жанар Сламбековна
  • Кырданова Молдир Жамбыловна
  • Конкабаева Акбота Еркиновна
  • Әжімұрат Айнұр Қазиқызы
  • Батырханова Айкерім Батырханқызы
  • Есмаханова Индира Серикбаевна
  • Садыкова Улмекен Мустафаевна

Келесі акушерлер арнайы аттестациядан өтіп, босанудың қыр-сырын меңгерген және өздері физиологиялық босануды жүргізуіне рұқсат берілген.

  • Абильдаева Алуаш
  • Жаналиева Алима Абдикаримовна
  • Ахметова Марал Казанбаевна
  • Исабекова Гульмира Жумабековна
  • Ибраева Карлыгаш Зилкараевна
  • Мадалиева  Айнур Нажимовна
  • Сұлтанбек Асемкуль Сұлтанбекқызы
  • Абдраманова Лаура Балтабаевна
  • Жұмабекова Гулзат Жолдасқызы
  • Енсепбаева Айгерим  Куанткановна
  • Байгереева Женискул Коркембаевна

Жалғыз ер акушер – Ғалымжан Ерболұлы Құдайберген, өз мамандығын жақсы менгерген бірінші санатты акушер, 10 жыл еңбек өтілі бар. Жас аналардың ықылас-ілтипатына бөленіп, алғысын алуда.

Босану бөлімінің меңгерушісі – жоғары санатты дәрігер акушер-гинеколог Ким Алексей Афанасьевич. Еңбек өтілі 23 жыл.

Босану бөлімінің аға акушері Абишева Ақжарқын Кожагуловна жоғары санатты, еңбек өтілі 36 жыл.

Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]