Босанудан кейінгі ІІ акушерлік бөлім
ІІ акушерлік бөлім 90 төсекке арналған. Бөлімге босанудан және кесар тілігі отасынан кейінгі әйелдер жатады. Бөлімше жұмысы босанудан кейінгі асқынуларды болдырмауға бағытталған. Босану барысы патологиялық ақаулармен болған жағдайларда, дәрігерлердің тағайындауларымен емдік, сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Бөлім жұмысы тиімді перинаталогиялық күтім негізіне бағытталған. ІІ акушерлік бөлімде ана мен нәрестенің үнемі бірге болуы, таза ана сүтімен қоректендіру, анасымен ерте үйге шығару және басқа да босанудан кейінгі кезеңнің қолайлы өтуіне үлкен ықпал жасайды. Ана сүтімен емізуді қорғау, қолдау және ынталандыру саясатын жүргізу мақсатында, барлық қызметкерлер жас аналарға барынша көмек көрсетіп, «Ана сүтімен тамақтандырудың 10 қадамы» қағидаларын ұстанады. Сонымен қатар аурухана ішілік індетті болдырмау мақсатында анасымен нәрестені үйге ерте шығу жұмыстары жүргізіледі.
Бөлім меңгерушісі – Ким Алексей Афанасьевич жоғары санатты акушер-гинеколог, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау үздігі. Еңбек өтілі 25 жыл.
Абишева Акжаркын Кожагуловна – ІІ акушерлік бөлімінің аға акушері, жоғары санатты, еңбек өтілі 36 жыл.