Гинекология
Облыстық перинаталдық орталығының гинекология бөлімшесі жоғары білікті медициналық көмек көрсетеді.
Жоспарлы гинекология бөлімшесі 55 төсекке есептелген, облыстық перинаталдық орталықтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады, онда «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы бойынша жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі . Медициналық жабдықтар заманауи деңгейге және санитарлық нормаларға сәйкес келеді.
Гинекологиялық бөлімшесі жоспарлы медициналық көмек көрсетеді. Жүктіліктің 22 аптасына дейін жүкті әйелдер мен гинекологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу алгоритмдері жасалды (жамбас қабыну ауруларының асқынған түрлері, жатырдың дисфункционалды қан кетуі, жатырдың және қосымшалардың қатерлі ісік түзілімдері және т.б.). Диагностика мен емдеудің заманауи әдістері “Karl Storz” жаңа аппаратында жүргізіледі , ол стационарда болу мерзімін қысқартудың және ерте оңалтудың мүмкіншілігіне ие.
Бөлімшеде лапароскопиялық қол жеткізу операциялары жүргізіледі:
- жатырдың ультрадыбыстық ампутациясы және экстирпациясы;
- бедеулікті емдеудегі реконструктивті-пластикалық операциялар;
- консервативті миомэктомия;
- жатыр мен оның қосалқыларында орган сақтаушы операциялар;.
Гистероскопия ағзаішілік патологияға хирургиялық операциялар жасауға мүмкіндік береді (эндометрия полиптерін, жатыр қуысындағы бөгде заттарды алып тастау).
Гинекология бөлімшесінің меңгерушісі – Бапанов Әлібек Әшенұлы, жоғары санатты акушер-гинеколог, жұмыс өтілі 27 жыл . Сонымен қатар бөлімшеде жоғары санатты акушер-гинеколог Батырханова Айкерім Батырхановна еңбек етеді.