Кеңес беру-диагностика бөлімі
Клинико-диагностикалық бөлімде күндізгі стационардан бөлек жатыр мойны патологиясы кабинеті, УДЗ – кабинеттері, рентген бөлімі, жас аналар мектебі бөлмесі, жеке мамандар кабинеттері және ақылы бөлім жұмыс жасайды. 2020 жылдан бастап күндізгі стационар 30 төсек орынға есептеледі. Негізгі жатып емделетін науқастар диагнозы: созылмалы метроэндометрит, созылмалы сальпингоофорит, эндометриоз, жатыр ішілік гиперплазия, жүктілікпен шақырылған протеинурия, жүктілікпен шақырылған ісінулер, жүктілік кезіндегі қуық инфекциясы, жүктілікті қиындататын басқа құсу түрлері, жүктілікпен шақырылған гипертензия, ұрықтың аналық күтімін қажет ететін(күдікті) хромосомалық ауытқулар.
Кеңес беру-диагностикалық бөлімінің негізгі қызметтері:
• Қауіпті факторлар бойынша әйелдерді бөле отырып жүктілік, босанатын және босанғаннан кейінгі кезеңдегі асқынулардың алдын–алу және оларды ерте анықтау мақсатында жүкті әйелдерді диспансерлік бақылау;
• Экстрагениталдық аурулар бейіні бойынша уақытында емдеуге жатқызуды қажет ететін жүкті әйелдерді анықтау;
• Жүкті әйелдерді босануға жеке және психикалық алдын алу дайындықтарын жүргізу және босанатын әйелді емдеуді жүргізу;
Ультрадыбыстық зерттеу:
• Ультрадыбысты зерттеу SAMSUNG WS 80A эксперт , ACUSON 1000, MYSONO U-6, VOIUSON-730 аппараттары қолданылады.
• Әйелдердің кіші жамбас ағзаларын ультрадыбыстық диагностикалайды.
• 2D, 3D, 4D форматта ұрықты ультрадыбыстық диагностикалайды.
Бөлім меңгерушісі акушер-гинеколог – Сүлейменова Манушакар Аширбековна, 2017 жылы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін төсбелгісімен марапатталған, жұмыс өтілі 22 жыл.
Альменова Ляззат Ермахановна – жоғарғы санатты аға акушер, жұмыс өтілі 29 жыл.