Ашу
Басты бет Бөлімдер Клиникалық зертхана

Клиникалық зертхана

КЛИНИКАЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНА

Облыстық перинаталдық орталығының клиника-диагностикалық зертханасы қазіргі уақытта заманауи технологиялармен жабдықталған. Заманауи технологиялар талдауларды қауіпсіз, жылдам және тиімді орындайды. Зерттеулерге арналған аппараттар мен автоматты анализаторлар шет мемлекеттерден алдырылған. Өндіруші мемлекеттер: Германия, Ресей, Жапония, Дания, Венгрия, Ұлыбритания және т.б.

Зертханада келесі жартылай автоматты анализаторлар жұмыс жасайды:
• Биохимиялық автоматты анализатор RESPONS-910
• Жартылай автоматты StarDust.
• Гематологиялық Swelab alfa
• PCE 210.
• Зәр анализаторы LabuReader plus.
• Коагулометр Coatron.

Биохимиялық автоматты анализатор Respons 910 АЛТ, АСТ, билирубин және оның фракциясы жалпы белок, альбумин, креатинин, мочевина, глюкоза, темірді анықтайды.
Радиометр ABL-800 Flex (КЩС аппараты) электролит, оксиметрия, глюкоза және қандағы газды анықтайды
Гематологиялық анализатор 5 минут ішінде қанның құрамындағы HGB, RBC, WBC, PLT көрсеткіштерді анықтай алады. Биохимиялық анализатор 1 сағат ішінде 30 талдауға дейін 10 көрсеткіш анықтап береді.
Бөлімде жалпы 20 қызметкер жұмыс жасайды: маман дәрігерлер, жоғары, бірінші және екінші санатты зертханашылар.
Бөлім меңгерушісі – Айтмагамбетова Аида Аблхаировна, 6 жыл еңбек өтілі бар дәрігер-зертханашы.
Аға зертханашысы – Каржаубаева Жупар Сеитовна, 29 жыл еңбек өтілі бар жоғары санатты зертханашы

Облыстық перинаталдық орталығында келіп, келесі зертханалық қызмет түрлерін ақылы түрде алуға болады:
• қандағы қантты, темірді анықтау;
• ИФА анализаторы арқылы гепатит В және С иммуноферменттік анализі;
• Нәрестенің жалпы қан талдауын ауыртпай, жылдам әрі тез анықтаймыз;
• Жалпы несеп талдауы;
• Құрсақішілік (внутриутробные) инфекция: хламидий, ВПГ, ЦМВ;
• Токсоплазмоз;
• АСЛ-О (АСЛО, Антистрептолизин–О, ASO);
• Ревматоидный фактор;

 

Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]