Нәрестелер интенсивтік терапия және реанимация бөлімі
Жаңа туған нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөлімінде өте қиын жағдайдағы және аса назар аударуды талап ететін нәрестелер, сондай-ақ салмағы 500 грамм және одан жоғары балалар түседі.Бөлімшеде жаңа туған нәрестелерге заманауи реанимациялық көмек көрсетіледі.
Бөлімшеде нәрестенің қарқынды емі мен жағдайына мониторинг жүргізу үшін барлық мүмкіндіктер бар:
- білікті медициналық персонал;
- заманауи мониторлар;
- қарқынды күтім инкубаторлары;
- өкпені жасанды желдету аппараттары;
- зертханалық жабдықтар;
- жылжымалы рентген;
- ультрадыбыстық қондырғылар;
Сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге арналған инфузиялық ерітінділерді дайындау кезінде шаңсыз бактерияға қарсы ауа ортасын құруға арналған ламинарлық шкаф бар. Ол жұмыс аймағында орналасқан инфузиялық ерітінділерді сыртқы және айқас ластанудан қорғайды. Осылайша жаңа туған нәрестелерге жұқпаларды парентеральды жолмен беруді болдырмайды. Мөлшерлеу аппараты сатып алынды. Зарарсыздандыру кезінде дозалау аппаратының көмегімен емдік қоспаларды дайындау жүзеге асырылады. Ана мен шала туған нәрестенің дене және психологиялық байланысын қолдау үшін «кенгуру» әдісімен күту сеанстары өткізіледі. Ата-аналар нәрестенің жағдайы, оны емдеу тактикасы, аурудың ерекшеліктері туралы толық ақпарат алады. Ана өмірін сақтау және жаңа туылған нәрестеге өмір сүру мүмкіншілігін беру үшін мұнда мамандандырылған білікті дәрігерлер жұмыс атқаруда. Біздің мамандар стационардан шыққаннан кейін балаларды одан әрі бақылауға қатысты Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап бере алады.
Бөлім меңгерушісі – Гульназ Бахытбековна Матенова, 13 жыл еңбек өтілі бар жоғары санатты дәрігер неонатолог.
Бөлімде ауысыммен 17 дәрігер қызмет атқарады.
Аға мейірбикесі – Маржан Бауыржанқызы Төлегенова, 5 жыл еңбек өтілі бар І санатты мейірбике.
Шаруашылық иесі – Баршагүл Темірханқызы Сейталиева