Ашу
Басты бет Бөлімдер Нәрестелер патологиясы бөлімі

Нәрестелер патологиясы бөлімі

Нәрестелер патологиясы бөлімі 50 төсек орынға арналған. Бөлімшеге шала туылған және ауыршаңдықпен туылған нәрестелер түседі, сонымен қатар нәрестелер реанимациясы бөлімінен әрі қарай қарқынды ем алуға және күтім жасалынуына осы бөлімге ауыстырылады. Бөлім қызметкерлері жас аналармен тығыз жұмыс жасайды, әрбір ем мен күтім әр сәбиге жеке басына арнайы тағайындалумен жүргізіледі. Шала туылған және ауыршаңдықпен туылған нәрестелердің ана сүтімен қоректендірілуіне үлкен мән беріледі және де бөлімде жылулық тізбегін сақтау қатаң сақталуда. Мерзімінен бұрын дүниеге келген сәби кювездер мен термо кереуеттерге жатқызылады да сол жерде күні толғанға шейін жатады. Шала туған баланың күтімін өткізуге байланысты кейбір елдерде “кенгуру” әдісін қолданады.

“Кенгуру-терапия” кезінде анасы жөргектенген баланы тік жағдайда өз киімі астында кеуде аралығында немесе бір сүт безінің үстінде ұстайды, осыған байланысты сүт көлемі көбейе бастайды және анасымен нәрестенің тығыз қарым- қатынасына байланысты бала дене қызуы бір қалыпты температуралық тәртіпте сақталады. Сонымен қатар бөлімше “28 ілмек” еріктілер клубымен тығыз қатынаста жұмыс жасауда. Бұл қайырымдылық ұйымы шала туған нәрестелерге қажетті тоқыма бұйымдарын әзірлейді. Мерзімінен бұрын дүниеге келген баланың организмі толық жетілмегендіктен қан айналымы әлсіз, ұйықтап кетсе оянуы қиын. Тоқыма киімдердің шала туған балалардың өсіп-жетілуіне пайдасы орасан екені медицинада дәлелденген. Сондықтан, денесін жылытып әрі тоқыманың түгі денесін тітіркендіретіндіктен нәресте қозғалыста болады. Нәрестелерді 2000 грамм салмаққа дейін жеткізіп, жақсы жағдайда үйлеріне шығарылады. Нәрестелер патологиясының меңгерушісі – Ахметова Шынар Дастановна, жоғары санатты дәрігер-неонатолог, жұмыс өтілі 35 жыл. Сансызбаева Бегзада – жоғарғы санатты аға мейірбике, жұмыс өтілі 28 жыл.

Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]