Орталық зарарсыздандыру бөлімі
Орталық зарарсыздандыру бөлімшесінің басты міндеті – емдік алдын-алу мекемелерін зарарсыз медициналық заттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ зарарсыздандырып өңдеудің барлық кезеңдерінде қолданылатын әдістерді үнемі шыңдау және оны барлық кезеңдерде бақылау болып табылады.
Емдік алдын-алу мекемелерінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарсыздандыру – көпсатылы күрделі процес болып табылады, ол бірнеше кезеңнен тұрады, яғни бұл кезеңдердің әрқайсысы зарарсыздандыру сапасын анықтайды:
-
қолдану орындарында бұйымдарды алдын-ала зарарсызданыру және өңдеу (емшара, ота жасау, таңу бөлмелерінде және т.б.);
-
бұйымдарды алдын-ала зарарсыздандырып тазалау;
-
орау;
-
зарарсыздандыру;
-
зарарсыздандырылған бұйымдарды қолдану орындарына тасымалдау және сақтау.
ОЗБ тәулік бойы жұмыс істейді.
ОЗБ мынадай міндеттер жүктеледі:
-
ауруханның медициналық мақсаттағы ұйымдарын және құралдарын қабылдау;
-
сапасына арналған сынамаларды одан әрі қоя отырып, алдын-ала зарарсыздандырып тазалауды жүргізу (жуу, кептіру);
-
құралдарды іріктеу, жинау және орау;
-
зарарсыздандыру сапасын анықтау үшін тестиндикаторды қолдана отырып бұйымдарды зарасыздандыру;
-
құжаттамаларды қатаң қабылдау және оның есебін жүргізу, бұйымдарды беру;
-
таңу материалдарын дайындау;
-
аурухананың бөлімшелеріне зарарсыздандырылған бұйымдарды беру.
Ауруханашілік инфекциялардың алдын-алу мақсатында барлық медициналық бұйымдар қолданылғаннан кейін бөлімшелерде зарарсыздандырудан өтуге тиіс. Алдын-ала зарарсыздандырып тазалау және бұйымдарды зарарсыздандыру ОЗБ-нде жүргізіледі.
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдау қатаң түрде кесте бойынша жүргізіледі. Құралдарды есеп бойынша қабылдаймыз, бөлімшелерден алынған құрал-саймандарды қабылдау журналына жазып қоямыз, таңбаланған торға жиналған күйінде саламыз және жуушы-зарарсыздандырушы машинаға саламыз, онда бұйымдар тазаланады, шайылады және кептіріледі. Сондай-ақ жуузарарсыздандырушы машинаның қолдану жөніндегі нұсқаулығын қатаң түрде сақтаймыз.
Алдын-ала зарарсыздандырып тазалау сапасы оң сынамалардың болмауына байланысты бағаланады: қанның болуына қатысты азопирам сынамасы; жуғыш заттардың болуына қатысты фенолфталеинді сынама. Сынама буып-түю үй-жайында арнайы үстелде жүргізіледі. Үстел реактивтермен, дәкелі шариктермен, сынамаларды жүргізуге арналған сөрелермен, тамызғышпен жабдықталған.
Сынаманы жүргізу үшін жуылған және кептірілген құралдардың топтамасынан 1% алынады.
Бұйымдарды өңдеу әсері оң нәтиже берген жағдайда теріс нәтиже алғанға дейін өңдеуді қайталаймыз.
Алдын-ала зарарсыздандырып тазалауды жүргізгеннен және оның сапасын бақылағаннан кейін ота жасалатын құралдардың ішінен бөлімшемен жасалған тізім бойынша құралдардың жинағы жинастырылады.
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды іріктеу, жинау және орау буып-түю үй-жайында жүргізіледі. Буып-түю үшін бу және плазмалқ стерилизаторға арналған аралас орамдар, кездеме қағаз қолданылады. Бұйымдарды кездеме қағазбен орау кезінде оның екі қабаты қолданылады, яғни бұйымды ірбір қабатымен жеке-жеке орап, оны жабысқақ индикаторлық баумен бекітеміз. Аралас орамдар термодәнекерлеуші әдіспен таңбаланады.
Барлық орамаларға бикстер, талап етілген режимнің бақылау индикаторы бекітіледі (134*-5 мин. және 121*-20 мин.). Сүзгісі бар бикстердегі және кездеме қағазбен оралған ораманың зарарсыздылығын сақтау мерзімі – 20 тәулік, аралас орамдарда – 1 жыл.
Бөлімше медициналық мақсаттағы бұйымдарды алдын-ала зарарсыздандырып тазалау және зарарсыздандыру үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған.