Қабылдау бөлімі
Облыстық перинаталдық орталығының жұмысы қабылдау бөлімінен басталады. Бұл жерге толғақпен немесе жүктіліктің асқынуы бар әйелдер келеді. Перзентханаға түсетін болашақ ананы бірінші кезекте кезекші дәрігер немесе акушер қарсы алады. Қабылдау бөлімшесі тәулік бойы жүкті,босанушы және босанған әйелдерге жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді. Қабылдау бөлім шұғыл және жоспарлы түрде қабылдау жүргізеді. Бөлімше халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген.
Қабылдау бөлімі реконструкциядан өткен, пациент жатқан каталка кедергісіз жүре алатындай «Алтын уақыт» принципімен жасалған.
Пациент қабылдау бөліміне келіп түскен кезде 3Н (Three H) триаж жүйесі бойынша пациентке медициналық іріктеу жүргізіледі. Іріктеу нәтижесінен кейін дәрігер қарап, бақылауы үшін тиісті аймаққа жіберіледі. Екі немесе одан да көп пациент келіп түскен жағдайда медициналық іріктеуді екі немесе одан да көп қызметкер бір уақытта жүргізе алады.
Медициналық іріктеуге сәйкес шартты түрде пациенттердің 3 тобын ажыратады:
І топ (жасыл аймақ) – бұл топқа жоспарлы емдеуге қабылданған пациенттер;
ІІ топ (сары аймақ) – қабылдау бөлімшесінде диагностикалық палатада бірнеше сағатқа бақылауға қалдырылған пациенттер, сондай-ақ диагнозын анықтау мен нақтылауға қалдырылған пациенттер;
ІІІ топ (қызыл аймақ) – шұғыл немесе қарқынды медициналық көмекті қажет ететін пациенттер. Шұғыл жағдайда дәрі-дәрмекпен, медициналық бұйымдармен жабдықталған жедел ота бөлмесі жұмыс атқарады.
Медициналық ақпараттандырылған «SOS» бағдарламасы шұғыл жағдайда тез арада көмек көрсету үшін, медициналық көмек сапасын арттыру және уақытылы көмек көрсету мақсатында қажетті мамандарды қабылдау бөліміне дер кезінде шақыруға арналған. «SOS» сигналдық батырмасы арқылы анестезиолог-реаниматолог, аға акушер-гинеколог, зертханашы, терапевт, неонатолог шақырылады.
Анықтама бөлмесінің жұмысы:
– Анықтама мейіргері бөлімшелер сұранысы бойынша басқа медициналық мекемелерден қажетті кеңесші дәрігерлерді шақырады;
– Емханаларға актив береді;
– Анықтама мейіргері сырттан келушілерге пациенттер жөнінде ақпарат береді;
Қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ким Алексей Афанасьевич – жоғары санатты дәрігер акушер – гинеколог, ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі.
Аға акушер – Болтаева Айымкүл Молдашевна, жоғары санатты акушер.
Біздің миссиямыз: Ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы мемлекет саясатын іске асыру, білікті медициналық көмекпен, дәрілік заттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қамтамасыз ету.