Ашу
Басты бет Бөлімдер Жүктілер патологиясы бөлімі

Жүктілер патологиясы бөлімі

     Жүктілер патологиясы бөлімшесі 50 төсек-орынға арналған. Бөлімше түрлі патологиясы бар жүкті әйелдерге тәулік бойы мамандандырылған көмек көрсетеді.

      Бөлімше айналысатын нозологиялар консервативті, жедел және шұғыл акушерияның барлық бағыттарын қамтиды. Бөлімшеге жүктіліктің түрлі асқынулары бар әйелдер – аратериялық қан қысымы, жатырдағы тыртық, қант диабеті, ұрықдың даму ақаулары бар, жалған толғақ және басқа да жүктілер жатқызылады.

      Бөлімшенің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі-жүктіліктің қолайлы нәтижесін қамтамасыз ету. Сондықтан жүктілікті оның барлық кезеңдерінде талапқа сай жүргізу, босану жоспарын жасау-ананың денсаулығын сақтай отырып, сау баланың туылуын анықтайды. Дәл осы қағидаттарды әртүрлі акушерлік және экстрагенитальды патологиясы бар әйелдерге білікті көмек көрсетеді.

       Ана болуға дайындалып жатқан әйелдер ерекше күтімді қажет етеді, сондықтан олар үшін өздерін үйіндегідей жайлы сезінетін қолайлы жағдайлар жасалған. Палаталар 2 немесе 3 жүкті әйелдерге  арналған. Пациенттің әрбір кереуетіне шұғыл жағдай үшін шақыру батырмалары бекітілген.

      Бөлімшеде зерттеп-қарау, емдеу, жүктіліктің асқынуы және экстрагениталдық аурулары бар жүкті әйелдерді, сондай-ақ ұрықтың даму ақауы бар және көп ұрықты жүктілігі бар, қан тобының резус-факторы теріс жүкті әйелдерді босануға дайындау жүргізіледі.

     Жүктіліктің асқынуы:

  1. гестациялық гипертензия
  2. жеңіл преэклампсия
  3. фетоплацентарлық жетіспеушілік, ұрықтың созылмалы құрсақішілік гипоксиясы, ұрықтың өсуінің тежелуі
  4. резус және АВ (0) жүйесіндегі конфликт
  5. бала жолдасының босану жолында орналасуы
  6. көпұрықты жүктілік
  7. жоспарлы кесар тілігі операциясына дайындық
  8. ұрықтың туа біткен ақаулары
  9. ауыр акушерлік-гинекологиялық анамнез

    Бөлімшеде ультрадыбыстық диагностика, кардиотокография жүргізіледі, зертханалық және функционалдық диагностика мүмкіндіктері пайдаланылады. Қажет болған жағдайда пациенттерді бейінді мамандар бірлесіп тексереді. ҚР ДСМ ұсынған диагностика және емдеу хаттамалары қолданылады

       Жүктілік пен босанудың қолайлы нәтижесі, босану кезіндегі жүкті әйелдің эмоционалды жағдайы көбінесе перинаталды көмектің сауатты көрсетілуіне, медицина қызметкерлерінің болашақ анаға деген мейірімді қарым-қатынасына байланысты, психологиялық қолдау көрсету маңызды.

     Бөлім меңгерушісі – Махантаева Куляш Буркитбаевна, жоғары санатты акушер-гинеколог, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі.

     Аға акушер – Ибрагимова Жазира Аманжолқызы, 16 жыл еңбек өтілі бар жоғары санатты акушер.

Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]