Қорды ұстап тұруға қаражат қайдан алынады және ол сома қалай жұмсалады?(МӘМС)
Жауап: Қор комиссиялық сыйақы есебінен ұсталады. Келесі жылға комиссиялық сыйақы мөлшері бекітілген жоқ, сондай-ақ, директорлар кеңесі даму жоспарын да бекітпеді.
МӘМС жүйесі толық енгізілгенге дейінгі өтпелі кезеңде медициналық көмек қалай көрсетіледі?
Жауап: 2018-2019 жылдар аралығында барлық санаттағы азаматтарға бұрынғыдай, КТМКК пакеті аясында медициналық көмек көрсетіледі.
КТМКК пакетінде мынадай тегін медициналық қызмет түрлері сақталады: жедел жәрдем мен санитарлық авиация, екпе егу, әлеуметтік маңызы бар және қоршаған ортаға қауіп төндіретін сырқаттарға медициналық көмек көрсету, амбулаторлық-емханалық көмек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, консультациялық-диагностикалық қызметтер, амбулаторлықдәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, шұғыл және жоспарлы стационарлық медициналық көмек, стационарды алмастырушы көмек, жоғары технологиялық медициналық қызметтер.
2020 жылдан бастап МӘМС енгізілуіне байланысты КТМКК пакетін оңтайландыру арқылы бөлінетінбюджет қаражаты, басымдылығы төмен медициналық қызметтердің жекелеген түрлерін лимиттеу және сәйкес тарифтер қалыптастыру деңгейіне дейінгі мемлекет міндеттерінің нақты шектері айқындалатын болады.
КТМКК-ға кірмейтін қызметтерді тұрғындар МӘМС аясында, немесе өздігінен төлем жасау арқылы, немесе ерікті медициналық сақтандыру (бұдан әрі – ЕМС) арқылы ала алады.
Әлеуметтік кепілдіктің ең төменгі қажетті көлемін қамтамасыз ету мақсатында сақтандырылмаған тұрғындарға 2022 жылға дейін оңтайландырылған КТМКК бойынша медициналық көмек көрсету жоспарлануда.
МӘМС қатысушылары 2020 жылдан бастапкеңейтілген қызметтер пакетін ала алады, аталғанмедициналық қызметтерді қаржыландыруға бірыңғай ӘМСҚ-на жинақталған қаражаттанжұмсалады.
Бұл жағдай өздігінен жарна төлейтін сақтандырылмаған азаматтарды да айтарлықтай ынталандырып, олардың сақтандырылғандар санатына (медициналық сақтандыру жүйесіне) өтуіне ықпал етеді деген ойдамыз.
Осылайша, 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін МӘМС жүйесіне ауыртпалықсыз өту үшін тұрғындарға қажетті жағдай жасалады.
Қор шығындарына кім мониторинг жүргізеді?(МӘМС)
Жауап: Қорда бақылаудың үш түрі бар. Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік бақылау жүргізеді, оларға тоқсан сайын 9 түрлі есеп беру құжаттарын тапсырамыз, бұл есептер ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі үшін де қолжетімді. Бұдан басқа, Қорда қаржылық есеп берудің халықаралық стандарты (ҚЕХС) бойынша құрылған бөлек есеп бар. Активтер бойынша, тәуелсіз аудиторлық ұйымдар арқылы аудиттелетін өз қаражаттары бойынша балансы бар және ол жария түрде біздің сайтымызға орналастырылады. Сайтта 2016 жылдың (тек 1,5 айда жүргізілген жұмыс болса да) есебі бар.
Біз, сондай-ақ қаржылық есепті депозитарийге орналастырамыз. Директорлар кеңесі арқылы корпоративтік бақылау жүргізіледі, оны Денсаулық сақтау министрі басқарады. Оның құрамында қаржы вице-министрі, ұлттық экономика вице-министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, тәуелсіз директорлар бар.
Директорлар кеңесі еңбекақы төлеу жүйесін, штат санын, Қордың ішкі құжаттарын бекітеді. Корпоративтік басқару стандарттарына сәйкес, Қорда тәуекелдерді (қауіп) басқару саясаты мен шаралары жұмыс істейді, ақпараттық қауіпсіздік шаралары бекітілген.
ӘМСҚ-да қанша қызметкер жұмыс істейді?
Жауап: Директорлар кеңесі 819 штаттық бірлік бекітті, бұл – жүйе толық күш алған жағдайда қажет адами ресурс. Қазіргі құрам аз: 57 адам орталық аппараттажәне 132 адам филиалдарда. Қызметкерлердің еңбекақыларына жұмсалатын қаражатқа қоса, ақпараттық жүйелерді қолдауға, банк қызметіне, Ұлттық банктің қызмет көрсетуіне жұмсалатын шығындар бар.