Ашу

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтпелі кезеңде қандай қызмет атқармақ? ӘМСҚ қызметінің ашықтығын бақылау қалай жүзеге асырылмақ?

Жауап: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қор КТМКК операторы(медициналық қызметтер үшін бірыңғай ақы төлеуші) болады. Бұл медициналық қызметтердің жоспарлау, сатып алу, сапасын бақылау және ақы төлеу тетіктерін жасауға, сондай-ақ төлемдік ақпараттық жүйе жұмысын жолға қоюға, жаңа тарифтік саясатты енгізуге мүмкіндік береді. Аталған шаралар МӘМС шарттары бойынша Қордың 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істеуге толық дайын болуын қамтамасыз етеді.

Жұмыс берушілерден жарна жинау үдерісін сақтау ұсынылатын өтпелі кезең,бір жағынан, медициналық сақтандыруға көшуде денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті қаражатты жинақтауға және жеткілікті медициналық қызмет пакеті арқылы сақтандырылатындығына сенімді болуға мүмкіндік береді. Жиналған қаржының бір бөлігі Ұлттық банк талап еткен Қордың тұрақтылығын қамтамасыз ететін қор резервін қамтиды. Қалған ақша МӘМС аясында сақтандырылғандар үшін медициналық қызметтер пакетін кеңейтуге жұмсалады.

Қазіргі уақытта «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-на түсіп жатқан жарналар мен аударымдар ҚР Ұлттық банкіндегі шоттарда сақталады, яғни медициналық қызметтерге ақы төлеу басталғанға дейін қаржының толық сақталатынына кепілдік береді.

Реформалау барысы мен МӘМС жетілдіру шараларын бақылау мақсатында ҚР ДСМ Қоғамдық кеңесінің жанынан «Атамекен» ҰКП, басқа да ҮЕҰ мен денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың қатысуымен,тұрақты жұмыс істейтін МӘМС енгіу жөніндегі комиссия құрылатын болады.

Денсаулық сақтау саласында алдағы екі жылда қандай жүйелі шаралар жүзеге асырылмақ?(МӘМС)

Жауап:
Бірінші. Бұған дейіндеайтылды, кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) мен тариф саясаты жетілдіріледі.

Денсаулық сақтау жүйесіне бизнес-үдерістердің автоматтандырылуын, шығындардың ашықтығын қамтамасыз ететін қажетті «цифрландыру»жүргізіледі,ол өз кезегінде жаңа тарифтік саясат жасақтап, саланың қаржыландыру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Екінші. Медициналық ұйымдар арасында бәсекелестікті дамыту. 2016 жылдан бастап медициналық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмыстар қолға алынды, оның ішінде:

әкімшілік кедергілерді азайту,бақылау-қадағалау қызметтері мен тексерістерді қысқарту;
денсаулық сақтау объектілерін сенімді басқаруды және оларды жекешелендіруді, МЖС ынталандыру.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымдарын дамытудың бірыңғай келешектегі жоспары әзірлене бастады, соған сәйкес дарасалалы ұйымдар көпсалалы ұйымдарға интеграцияланады, серіктестіктер және акционерлік қоғамдар болып қайта құрылып, одан кейін сенімді басқаруға жіберілуі немесе жекешелендірілуі мүмкін. Бұл әкімшілік шығындарды азайтып, бірізділіктің жақсаруын және медициналық көмек сапасының арттырылуын қамтамасыз етеді.

Мұндай құрылымдық реформалардың нәтижесінде денсаулық сақтау объектілерінің нарықтық жағдайда жұмыс жасауға дайын, жинақталған желісі қалыптасады. Жекеменшік медициналық ұйымдардың МӘМС аясында қаржыландырылу үлесі 2017 жылғы 7 %-дан 2025 жылы 33%-ға артады.

Үшінші. Жекеменшік сақтандыруды дамыту. Ерікті медициналық сақтандыру (бұдан әрі – ЕМС) секторын дамыту үдерісі сақталуда. КТМКК оңтайландырылған тізбесі мен баламалы тарифтік саясат МЖС, жекеменшік медицинаның және ЕМС-дың одан әрі дамуына жол ашады. Бұл ЕМС-дың МӘМС жүйесіне бірігуіне, медициналық ұйымдар арасында жаңа қаржыландыру көзі үшін бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде медициналық қызмет сапасына оң әсер етеді.

Қор немен айналысады?(МӘМС)

Жауап: Қолданыстағы заңнамағасәйкес, Қор еліміздің барлық тұрғындары үшін медициналық қызметтерді сатып алады. Бұл МӘМС туралы Заң мен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексінде бекітілген.

Тіпті, МӘМС аясында қызмет көрсету мерзімі өзгерген күннің өзінде, Қор базалық пакетті сатып алу шараларын қамтамасыз етуі тиіс. Сатып алу үшін барлық дайындық жұмыстары жүргізілді:

− Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтер сатып алудың жаңа Ережесін бекітті;

− 2017 жылдың 7 қыркүйегінен Қормен аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының сайттарында нарық қатысушылары үшін, оларды әлеуетті жеткізушілердің бірыңғай дерекқорына енгізу туралы шақыру-хабарлама орналастырылды. 2018 жылдан бастап Қормен жұмыс жасағысы келетін медициналық ұйымдар өздерін жеткізушілер тізіміне қосуға өтінім бере алады, мұндай жағдайда Қор тапсырысты бар қаражаттан орындауға мүмкіндік қарастырады. Өтінім беру оңай, 3 құжат болса жеткілікті – өз өтініші, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі (ЖК үшін – ЖК тіркелгендігі туралы куәлік) және жеке куәлігі, медициналық қызметке берілген лицензия көшірмесі және ақпараттық жүйелерді жүргізуге жауапты тұлға туралы мәліметтер. Бірыңғай деректер қорына енген медициналық ұйымдармен конкурстық негізде келісімшарттар жасалады. Медициналық ұйымдармен алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы медициналық қызметтер көрсеткісі келетін денсаулық сақтау субъектілері, 1519 медициналық ұйым, олардың 45%-ыжекеменшік ұйымдар, деректер қорына өтінімдер берді. Өткен жылғы сатып алушы кампаниялармен салыстырғанда, медициналық көмектің негізгі көлемін орындауға өтінім берген денсаулық сақтау субъектілерінің саны 1,5 есеге артты.

Жеткізушілердің деректер қорын қалыптастыру жұмыстарының нәтижелері ойдағыдай. Акцонерлер бекіткен Қордың даму стратегиясында жекеменшік ұйымдарды мүмкіндігінше көбірек тарту міндеті қойылған, бұл бүгіндері жүзеге асырылуда;

− сатып алу шаралары қараша айында аяқталады деп жоспарлануда, желтоқсан айында медициналық ұйымдармен медициналық қызметтер көрсетуге шартқа отыру (шарт жасасу) басталады. Жаңа Сатып алу ережесіне сәйкес, реттеуші қызметі сатып алушыдан бөлек. Мұндай қадам халықаралық тәжірибеге толықтай сай келеді.

Жаңа Сатып алу ережесі бизнес қауымының белсенді араласуымен жасалған, онда мынадай жаңа өзгерістер бар:

− конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар пакеті қысқартылған;

− белгілі бір уақытта ғана емес, жыл бойы әлеуетті жеткізушілер дерекқорын жаңарту мүмкіндігі пайда болды. Бұл қажет болған жағдайда қосымша медициналық қызметтер көлемін шұғыл сатып алуға мүмкіндік береді;

− республика деңгейінде, облыстарда тұрақты жұмыс істейтін медициналық қызметтер сатып алу жөнінде комиссия құрылды. «Атамекен» ҰКП, Ұлттық денсаулық сақтау палатасы, кәсіподақтар, пациенттер мен денсаулық сақтау субъектілерінің мүдделерін қолдайтын ҮЕҰ осы комиссиялардың құрамына ену үшін өз кандидатураларын ұсынды. Мұндай ұсыныстар конкурстық іріктеудің мейлінше ашық болуына жағдай жасайды, ал барлық қатысушылар шешім қабылдау үдерісінен теңдеу алыстатылады;

− сондай-ақ, қызметтер сатып алуға байланысты мәселелерді шешу үшін Қордың тұрақты жұмыс істейтін апелляциялық комиссиясы құрылды.

Комиссия құрамына Денсаулық сақтау министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, Ұлттық денсаулық сақтау палатасының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді;

− жеткізушілермен жасалған шарттар медициналық көмек түрлеріне қарай, көбіне ана мен бала өліміне, аурудың алдын алу скринингтерінің қамтылуы, асқыну жағдайында ауруханаға жатқызу, т.б. секілді нақты талаптар мен сапаның мақсатты көрсеткіштерін қарастырады.

ӘМСҚ-да жиналған ақшалар не болады?

Жауап: МӘМС туралы Заңға сәйкес, Қор активтерінің сақталуына мемлекет кепілдік береді. МӘМС үшін түскен ақшалай қаражаттың барлығы Ұлттық банктегіҚордың шотында сақталады.Ол қаражаттың сақталуын қамтамасыз етіп, МӘМС аясында медициналық қызметтер сатып алу басталғанға дейін оларды басқарады. Қаржы құралдарының тізбесі ҚР Үкіметінің қаулысымен (№210 от 14.04.2016 г.) 2016 жылы айқындалған.

Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер